Білім беру саласы: «Таным » Ұйымдастырылған оқу қызметі
Құрастыру
Тақырыбы: Үй және қақпа.
Мақсаты жаңа бөлшектермен таныстыру, үйді және қақпаны құрастыру және оның бөліктерін дұрыс орналастыруды үйрету.
Негізгі бөлім: Педагог үйді қалай құрастыруға болатынын көрсетеді. Текшені алып, оның үстіне үшбұрышты орналастыруды ұсынады. Үй құрастырып болған соң оның жанына қақпа жасайды. Ол үшін екі ұзын кірпішті тігінен қатар қойып, оның үстіне бір кірпішті көлденең орналастырамыз деп,көрсете отырып түсіндіреді. Үстел үстіне қалай орналастыруға болатынын айтады, ұсақ ойыншықтарды таратып береді. Қақпадан мәшинені кіргізеді, «Үйде кімдер бар?» деген сұрақ қояды.
Күтілетін нәтиже : екі түрлі құрылысты бір мезгілде жасайды,
|
Білім беру саласы: «Таным» Ұйымдастырылған оқу қызметі Жаратылыстану. Тақырыбы:Қыстық киімдер
Мақсаты: Балаларға қысқы киімдер(Баскиім,аяқкиім,сырт киімт.б) туралы білімдерін бекіту.Ұл баламен қыз баланың қыстық киімдерін, олардың ерекшелігі мен ұқсастығын ажырата білуге үйрету.
Негізгі бөлім: Ойындар:
Бірінші топпен» Кім жылдам»-деген ойын ойнаймыз ,Ал еккінші топ«сәнгерлер» ойынын ойнайды.
Дидактикалық ойын: «Кім жылдам «Ойынның шарты:Екі бала ортаға шығып жемпірлерінің түймесін түймейлеп жарысады ,кім бірінші түймейлесе сол жеңімпаз болады.
Мазмұнды рольді ойын:»Сәнгерлер «
Шарты:Балалар қыстық киімдер киіп мода көрсетеді.
Күтілетін нәтиже Баларды қыстық киіммен таныстыру
|