Келісілді Уақыты Әдіскерлер Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы Тәрбиеші: Тулеушева Қ Б



бет21/21
Дата26.08.2020
өлшемі147,5 Kb.
#77031
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
алма бағы

Оқу іс-әрекетінің

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қызығушылық

Шаттық шеңберіне тұрайықшы балалар:

Біз қандаймыз, қандаймыз?

Шұғылалы таңдаймыз,

Күлімдеген күндейміз,

Еш уайымды білмейміз.

(М.Жаманбалинова)



Барлығы шаттық шеңберіне тұрып,

қимыл – қозғалыспен бірге жасайды.



Ұйымдастырушы

лық- ізденістік


Балаларға қонаққа қуыршақ Шолпан мен оның інісі Қанат келеді. № 9 үлестірмелі материалдағы қолында қонжығы бар Шолпан мен машина сүйреткен Қанат бейнеленген сурет бойынша жұмыс жүргізіледі.

- Қараңдаршы, қандай әдемі, беті–қолытап–таза.

- Шолпанның көйлегі қандай?

- Қанат үстіне қандай жейде киіп алыпты?

Балалар, Қанат пен Шолпан сендермен «Мынау не?» ойынын ойнағысы келеді.

Топтағы ойыншықтарды, оның ішінде аюды көрсетіп:

- Мынау не?

- Бұл – аю. Бұл – жұмсақ пүлішпен жасалған үлкен аю. Пүліш – жұмсақ мата. Өзі тап-таза, мойнында қызыл таспасы бар. Ал мынау – кішкентай аюдың баласы қонжық.

Қоңыр түсті. Бірнеше баланы шақырып, аюды қолдарына беріп ұстатады. Тәрбиеші қолындағы қуыршақ ұл баланы көрсетіп:

- Бұл баланың аты – Қанат. Кішкентай Қанаттың да сендермен ойнағысы келеді. Ол машинамен ойнағанды жақсы көреді,- дейді.

Балалар бұл не? Қандай машина? Түсі қандай?

Мынау не? Ал мынау ше? (Дөңгелегін көрсетеді).

Машинаға кімді отырғызайық?

Кім жүргізуші болады?Дұрыс. Қанат болсын.

Бәрін отырғыздыңдар ам? Онда жүрейік, - деп тәрбиеші өзі машина сияқты «дөөөт-дөөт» дейді.

Соңынан машинаны үстелдің үстінен алады да: «алысқа кеттік», - деп,ойынды аяқтайды.

Сергіту сәті:

Ұзын құлақ, сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы – қырлы жерлермен,

Ытқып – ытқып секірді.

Балаларға Қанаттың машинасы мен Шолпанның қонжығының қатты ұнағанын айтып, енді өздеріне де тура сондай машина мен қонжықты бояп алуларын ұсынады.

Жеке жұмысты қажет ететін балалардан сүйіті ойыншықтары туралы және олардың не себепті ұнайтынын сұрайды.


Қуыршақтармен сәлемдеседі, танысады.

Әдемі Сәнді, жағасы ақ, көк кқйлек.


Әдемі - красивый, көйлек – платье сөздерін қайталайды.

Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді.


Балалар аюды ұстап, оның тап – таза, мойнында қызыл таспасы бар екенін, оның баласы қонжық екенін біледі.
Машина.

Үлкен машина.

Түсі қызыл.

Рулі.


Дөңгелегі.

Қуыршақтарды отырғызайық. Қанат жүргізе алады.


Балалар қимылмен көрсетеді.
Балалар көрсетілген үлгі бойынша түрлі түсті қарындашпен бояйды.


Рефлексиялық- түзетушілік

Балалар ойыннан алған әсерлерін сұрақ – жауап арқылы білімдерін бекітіп, оқу іс – әрекетін қорытындылайды.

Балалардың жауабы.

Күтілетін нәтиже:

Нені білді:Заттардың белгілерін атау (үлкен, кішкентай, әдемі, сәнді) тәрізді тапсырмаларды орындайды.

Меңгереді: Ойыншықтарды сипаттау арқылы мәтін түрлері туралы ұғымды түсінеді.

Жасайды:Ойыншықтарды сипаттау кезінде жаңа сөздерді қолдана білу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет