Келісілді Уақыты Әдіскерлер Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы Тәрбиеші: Тулеушева Қ Б



бет2/21
Дата26.08.2020
өлшемі147,5 Kb.
#77031
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
алма бағы

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберіне жинайды.

Достар тату тәттіміз

Қолда болса тәттіміз

Біз бөлісіп жатамыз

Бәріміз дәм татамыз


Балалар өлең жолдарына сай қимыл-әрекет жасайды.

Ұйымдастырушылық ізденістік

Тәрбиеші күз мезгілі туралы тақпақты мәнерлеп оқиды.

Берекесін сыйлауға ,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

Тақпақтың мазмұны бойынша әңгіме жүргізеді.


«Кім көп жинайды?»дидактикалық ойыны.Балаларды екі топқа бөліп,жемістерді шашқызып, жинатып,санатып,түстерін ажыратқызып, салыстырып ойнатқызады.Тәрбиеші алма ағаштары туралы әңгіме жүргізеді.

Оларды бір-бірімен салыстырады,санатады.Жеміс-жидектердің түрлерін айтқызады.

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді

Саңырау құлақ тереді

Кездесті міне керегі

Екеуі қайың астынан

Біреуі терек қасынан

Қанша сонда болады есепте

Тоқылған салса себетке.


Тәрбиеші тақтадағы суретке қарап алма бағындағы ағаштардың суретін салуды ұсынады. Суретті салу бағытын түсіндіреді. Суретке алдымен ағаштың діңін қоңыр бояумен саламыз, қылқаламды қаттырақ басып діңін толық бояймыз, содан кейін бұтақтарын саламыз және жапырақтарын жасыл, сары түспен қылқаламның ұшымен сүйкей жаға отырып бояймыз. Соңында қызыл, сары түсті алмаларды қылқалам ұшымен домалақтап салып бояймыз, қосымша жанына гүлдер,шөптер, салуымызға болады.


Себебі жеміс-жидек күз мезгілінде піседі.

Сұрақ-жауап.

Ауылдағы атам мен әжемнің үйінде алма бағы бар.

Біз алма жинауға көмектестік.


Балалар жемістерді жинайды,санайды, түстерін ажыратады.
Балалар алма ағашы туралы әңгімені тыңдайды.Жеміс-жидектердің түрлерін атайды.

Балалар өлең жолдарына сай қимыл-әрекет жасап,бой сергіту жаттығуларын орындайды.

Балала тәрбиеші көрсеткен бағытты ұстай отырып алма бағының суретін салады.

Суретті салу барысында түстерді ажыратады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет