Келісілді Уақыты Әдіскерлер Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы Тәрбиеші: Тулеушева Қ Б



бет6/21
Дата26.08.2020
өлшемі147,5 Kb.
#77031
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
алма бағы

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі

Балалар ұл, қыз бала туралы біледі екенсіңдер. Ал өздеріңнің дене мүшелерің туралы білесіңдер ме?

Педагог балаларға дене мүшелері: бас, мойын, қол , аяқтары туралы сұрақтар қояды.

Балалар сендердің үйлеріңде үлкен айна бар ма?

Сендер сол айнаға қарап тұрмын деп елестетіңдерші, не байқадыңдар?

Жарайсыңда, балалар енді алдарыңда тұрған суреттерге назар аударыңдаршы . Бұл қағаздан қиылған қуыршақтын дене бөліктері. Қазір сол бөліктерді құрастырамыз. Ол үшін бастарынды алға ,артқа , оңға , солға қозғалтып көріндерші, қозғалама ?

Демек басты нет қозғалтып тұр?

Яғни, біздің басымыз мойында орналасқан екен. Олай болса басты мойынға орналастырамыз.

Енді мен қазір допты лақтырамын,сендер қағып алуға тырысыңдар. (педагог допты жоғарыға лақтырғандай қимыл жасайды,бірақ лақтырмайды.)

Сендер допты қағып алу үшін не істедіңдер?

Яғни қол бізге не үшін керек екен?

Енді қолдарыңды созып,жинап көріңдерші, не байқадыңдар?

Енді үстелдің үстінде тұрған дәптерді алыңдар?

Дәптерді ұстап тұру үшін не қажет екен?

Саусақ қайда орналасқан?

Олай болса сопақша пішінге қолды орналастырыңдар.

Енді нені орналастырамыз?

Аяқ адамға не үшін керек?

Міне,балалар,біз қуыршақтың дене мүшілерін құрастырадық.Бір-бірлеріңнің құрастырған бейнелеріңе қараңдаршы,айырмашылық бар ма?

Жарайсыңдар,балалар,қалай ойлайсыңдар қуыршақты толық құрастырып болдық па?

Мен қазір сендерге жұмбақ жасырамын,сендер шешуін тауып,сол жұмбақтың шешуіне байланысты сурет саласыңдар.Педагог ауыз,мұрын,құлақ туралы жұмбақ жасырады.

Мысалы:

Көреді бәрін өзгенің,

Көре алмайды өздерін. Ол не?
Міне,балалар,сендер қуыршақтың бейнесін құрастырып та болдыңдар. Қуыршақты құрастыру үшін денесіне қандай жансыз бөлшектерді орналастырдыңдар?

Бас,қол,аяқты бір сөзбен қалай айтуға болады екен?

Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін,көңіл күйлерін,немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Өздеріне дене мүшелері не үшін қажет екендігін сұрап қортындылайды.

Педагог дене мүшелері туралы қосымша ақпараттар бере отырып зерттеу жүргізетіндігін айтады.

Қане, көздерінді қолдарыңмен жабыңдар.

Мен не істеп жатырмын?

Ал енді көздеріңді ашыңдар да үстелдің үстінде жатқан заттарды атап беріңдерші?

Оны қалай білдіңдер?

Демек, көз, балалар, көру үшін керек екен.

Енді құлақтарыңды жауып, маған қараңдар. Мен сендерге шағын ғана өлең оқып беремін. Сендер өлеңнңің мазмұнын маған айтып бересіңдер. (педагог өлең шумақтарын оқып береді).

Не себепті естімей қалдыңдар?

Демек, құлақтың қызметі қандай екен?

Жарайсыңдар балалар, тағы да бір зерттеу жұмысымыз қалды. Бұл зертеуді жүргізу үшін сендер алдарыңда тұрған заттарды пайдаланасыңдар (әр балаға бір-бірден сырты матамен қапталып, әр түрлі көлемде түймелер тігілген жолақшалар қарағай жаңғағы т.б. сипап сезуге арналған заттар беріледі).

«Сыңарынды тап » ойыны.

Ойын шарты бойынша әр балаға ішіне су құйылған және құм, күріш, бұршақ, ұн, тары т.б. дәнді дақылдар салынған үрленбеген шарлар беріледі. Мысалы, екі көк түсті шар берілсе біреуінің ішіне құм салынады, екіншісінің ішіне су құйылады.Дәл сондай шарлар келесі үстелдің үстінде бірнеше шарлардың ішінде орналасады.Ішіне құм салынған шарды алған бала дәл сондай ішіне құм салынған көк түсті шарды алуы тиіс.

Сергіту сәті: Педагог ауа,жер,ағаш,гүл,қоян,барабан,қораз,маймыл т.б. сөздерді айтады.

Дәптермен жұмыс. Педагог дәптерде берілген тапсырманы түсіндіреді.

Тапсырманы орындап болғаннан кейін педагог балалардың назарын өзіне аударып,қуанып,ашуланып,ренжіп тұрған балалардың әрекеті туралы түсірілген бейнефильм немесе суретті слайд көрсетіп,балалардың көңіл күйлеріне байланысты сұрақтар қояды.

-Аружан не істеп тұр?

-Не үшін қуанып тұр?


-Әйгерімнің көңіл күйі қандай?

-Әйгерім не себепті ашуланды?

-Әйгерімнің көңіл күйін көтеру үшін не істер едіңдер?
Педагог балаларға адамдардың әртүрлі көңіл күйде болатындығы,не үшін ашуланып,қуанатындығы,ренжитіні туралы қосымша түсіндіреді.


-Білеміз

Балалар өздерінің дене мүшелеріне байланысты қойған сұрақтарға жауап береді.


-Бар.
-Өзімізді көрдік.

-Мойын қозғалтады.

Балалар бастарын қозғалтып,қозғалатындығын айтады.
Балалар қолдарын жоғарыға созып,допты қағып алатындай қимыл жасайды.

-Қолдарымызды жоғарыға создық.

«Еңбек ету үшін», «бір затты алу үшін», «затты бір жерге қою үшін», «бетімізді жуу үшін» керек.

-Қолымыз иіледі және жазылады (созылады).

Балалар дәптерді алып, ұстап тұрады.

-Саусақтар қажет.

-Қолымызда.

-Денемізде.

Балалар мойынның төменгі жағына сопақша пішінді қойып,екі қолды орналастырады.

-Аяқтарды орналастырамыз.

- Аяқ жүру үшін,жүгіру үшін ,отырып тұру үшін керек.
-Көз.

Жұмбақтың жауабына қарай өздері құрастырған қуыршақтың бейнесіне көз,мұрын,ауыз,құлақтың суретін салады.

-Бас, мойын, екі қол және екі аяқты қойып қрастырдық.

-Адамның дене мүшелері.

Балалар көздерін жұмады немесе алақандарымен басып тұрып ештеңе көрмей тұрғандығын айтады.

Балалар үстелдің үстінде тұрған заттарды атап береді.


-Өйткені, үстелдің үстіндегі заттарды көріп тұрмыз.
Балалар құлақтарын жауып, педагогке қарайды.

Балалар педагогтің оқыған өлеңін естіп және сөздеріне байланысты қимылдар ойластырып жасайды.Дәптерде берілген тапсырманы орындайды.

Аружан қуанып тұр.

Өйткені Аружанның туған күніне әпкесі қуыршақ сыйлады.

Әйгерім ашуланып тұр?

Айдос Әйгерімнің добын тартып алды.Сол себепті Әйгерім ашуланды.

Балалар өздерінің пікірлерін айтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет