Келісілген Математика, физика және информатика институты кеңесінің төрағасы Бекпатшаев М. Ж. (қолы) 2020 ж. Бекітемін


fopen ("файл адресі/аты","қатынасу типі")



бет19/30
Дата23.12.2021
өлшемі210,53 Kb.
#103244
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30
Байланысты:
УМК сист прог
Силлабус АжПН 1 курс, 1906466933
fopen ("файл адресі/аты","қатынасу типі");

ол файлға нұсқауыш мәнін қайтарады немесе қате болса, NULL мәнін береді.

Мысалы, мынадай оператор орындалуы нәтижесінде

fp = fopen ("ex1.txt", "w");

жұмыс бумасындағы ex1.txt файлы оған мәлімет жазу (write) үшін ашылады, ал прог­раммада бұл файлды fp нұсқауышы арқылы пайда­ланамыз (яғни fopen() функциясы файлдың сыртқы атын оның прог­раммада қолданы­латын ішкі логикалық атымен байланыстырады).

Сонымен, файлды ашатын fopen() функцияcының жалпы жазы­луы:



fp = fopen(name,mode)

мұнда fp – файлға сілтейтін нұсқауыш; name – файлдың адресін де көрсетуге болатын аты, көбінесе символдық тіркес арқылы жазылады; mode – файл қандай режимде қолданылатынын көрсе­те­тін параметр, бұл да символдар тіркесімен төмен­дегідей түрде жазылады:

"r" – файлды оқу үшін ашу (файл бұрын ашылған болуы тиіс);

"w" – бос файлды информация жазу үшін ашу;

"a" – файл соңына мәлімет қосып жазу үшін оны ашу;

"r+"– файлдан информация оқу және оған информация жазу үшін ашу);

"w+"– бос файлдан информация оқу және оған мәлімет жазу үшін файл ашу (бұрын файл болса, ол өшіріледі);

"a+"– файлдан мәлімет оқу және оның соңына мәлімет қосып жазу үшін ашу).

"t" – файл мәтіндік режимде ашылады, ол rt, wt, at, т.с.с. болып көрсетіле береді.

"b" – файл екілік режимде ашылады, rb, wb, ab, т.с.с. болып көрсетіле береді.

Келісім бойынша файл көбінесе мәтіндік режимде ашылады.

Файлмен жұмыс істеп болған соң, оны жабу үшін келесі функция қолданылады:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет