Файлдармен жұмыс істеу және оларды пайдалану
Файл – сыртқы есте сақтау құрылғыларында (магниттік дискілерде) орналастырылған және мәлімет өңдеу, тасымалдау кездерінде біртұтас күйде қарастырылатын мәліметтер жиыны.
Файлдармен жұмыс істеу үшін оларды алдымен ашу керек, яғни файл туралы мәліметті – атын, адресін программаға белгілі ету қажет.
С тілінде файл ашу fopen() функциясы арқылы орындалады. Ол сыртқы құрылғыдағы физикалық файлды, мысалы, А:\NUR.DAT, программадағы оның логикалық атымен байланыстырады. Логикалық ат дегеніміз – файлға нұсқауыш, яғни файл туралы мәлімет сақталатын жады аймағына сілтеме жасау. Файлға нұсқауыш сипатталуы тиіс.
Сонымен, файлдармен жұмыс істегенде нұсқауыштар қолданылады. Файлға нұсқауыш мынадай түрде сипатталады:
FILE *fp;
мұндағы FILE типі – тақырыптық файлында анықталған құрылым. Бұл нұсқауышты көрсетілген файлмен сол файл ашылғаннан бастап, байланыстырып қоюға болады. Ол үшін келесі функция пайдаланылады:
Достарыңызбен бөлісу: |