Матрицаларды өңдейтін негізгі алгоритмдер ретінде бір өлшемді жиымдарды өңдеу кезінде қолданылған алгоритмдер саналады. Жалпы матрицаларды өңдейтін барлық алгоритмдерді екі топқа бөліп қарастыруға болады, олар:
матрицаның барлық элементтерін өңдейтін алгоритмдер.
матрицаның әр жолы немесе әр бағанасы элементтерін жеке-жеке өңдейтін алгоритмдер.
Матрицаның барлық элементтерін өңдейтін алгоритмдер
2-мысал. Нақты сандардан тұратын a4,6 матрицасы берілген. Мынадай өрнекті есептеу керек, мұндағы P1 және P2 – сәйкесінше алынған матрицаның оң және теріс элементтерінің көбейтіндісі.