Сөз тіркестерімен жұмыс істейтін функциялар
1) strlen(str)функциясы str сөз тіркесіндегі символдар санын (соңғы нөлді есепке алмайды), яғни жолдың ұзындығын анықтайды, оның типі int, тақырыптық файлы <string.h>.
2) strcat(stroka1,stroka2) функциясы қатарларды біріктіру үшін қолданылады. Ол stroka1 және stroka2 тіркестерін біріктіріп, нәтижені stroka1 айнымалысына меншіктейді, stroka2 тіркесінің мәні өзгермейді
3) strcmp(stroka1,stroka2) функциясы екі сөз тіркесін салыстыру үшін қолданылады. Егер олар бірдей болса, функцияның мәні 0-ге тең болады, әйтпесе ол екі тіркестің айырмасын береді. Егер stroka1 болса, нәтиже 0-ден кіші, ал stroka1 > stroka2 болса, нәтиже 0-ден артық болады. Көбінесе бұл тәсіл екі тіркестің бірдей еместігін анықтау үшін ғана қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |