fopen ("файл адресі/аты","қатынасу типі");
ол файлға нұсқауыш мәнін қайтарады немесе қате болса, NULL мәнін береді.
Мысалы, мынадай оператор орындалуы нәтижесінде
fp = fopen ("ex1.txt", "w");
жұмыс бумасындағы ex1.txt файлы оған мәлімет жазу (write) үшін ашылады, ал программада бұл файлды fp нұсқауышы арқылы пайдаланамыз (яғни fopen() функциясы файлдың сыртқы атын оның программада қолданылатын ішкі логикалық атымен байланыстырады).
Сонымен, файлды ашатын fopen() функцияcының жалпы жазылуы:
fp = fopen(name,mode)
мұнда fp – файлға сілтейтін нұсқауыш; name – файлдың адресін де көрсетуге болатын аты, көбінесе символдық тіркес арқылы жазылады; mode – файл қандай режимде қолданылатынын көрсететін параметр, бұл да символдар тіркесімен төмендегідей түрде жазылады:
"r" – файлды оқу үшін ашу (файл бұрын ашылған болуы тиіс);
"w" – бос файлды информация жазу үшін ашу;
"a" – файл соңына мәлімет қосып жазу үшін оны ашу;
"r+"– файлдан информация оқу және оған информация жазу үшін ашу);
"w+"– бос файлдан информация оқу және оған мәлімет жазу үшін файл ашу (бұрын файл болса, ол өшіріледі);
"a+"– файлдан мәлімет оқу және оның соңына мәлімет қосып жазу үшін ашу).
"t" – файл мәтіндік режимде ашылады, ол rt, wt, at, т.с.с. болып көрсетіле береді.
"b" – файл екілік режимде ашылады, rb, wb, ab, т.с.с. болып көрсетіле береді.
Келісім бойынша файл көбінесе мәтіндік режимде ашылады.
Файлмен жұмыс істеп болған соң, оны жабу үшін келесі функция қолданылады:
Достарыңызбен бөлісу: |