fgets(char *S,int m,FILE *fp); fp түрінде сипатталған файлдан байттарды оқып, оларды '\n' символы кездескенше немесе m байт оқылып біткенше S тіркесі мәні ретінде жазып шығады.
Блок бойынша енгізу/шығару операцияларында мәліметтер алмасу олардың бір блогын толық қамтиды. Мысалы:
fread (void *ptv, int size, int n, FILE *fp);
мұнда fp файлынан әрқайсысы size байттан тұратын мәліметтің n блогы ptv нұсқауышы көрсетіп тұрған жады аймағына оқылады (оқылатын блок үшін алдын ала орын дайындап қою қажет).
fwrite (void *ptv, int size, int n, FILE *fp);
мұнда ptv нұсқауышы көрсетіп тұрған жады аймағында орналасқан әрқайсысы size байттан тұратын мәліметтің n блогы ашық тұрған fp файлына жазылады.
fprintf және fscanf функцияларын пайдалану
fprintf - файлға информация жазу үшін, ал fscanf – файлдан информация оқу үшін қолданылады. Олардың жалпы жазылу түрі:
Достарыңызбен бөлісу: |