әлеуметтік
сындарлылық
теориясының туындауымен байланысты. Л.В. Выготский 275-
тен астам еңбек жазған, оның ішінде «Өнер психологиясы», «Сана мінез-құлық
психологиясының проблемасы ретінде», «Жоғары психикалық қызметтердің даму
тарихы», «Ойлау және сөз» және т.б. монографиялары бар.
Г
арднер, Говард (ағыл. Howard Gardner) (1943)
– америкалық психолог, клиникалық психология және
нейропсихология саласының маманы, психологияда кеңінен
қолданылатын «Көптік зият» (Multiple Intelligences)
ұғымының авторы.
Гарднер – сындарлылықтың елеулі өкілдерінің бірі. Г.Гарднердің «Ойлау
шекаралары: көптік зият теориясы» атты жетінші кітабында Көптік зият теориясын
оқыту мен оқу тәжірибесінде пайдалану проблемасына екі-ақ бет арналған, алайда,
қазіргі уақытта он тілде жарияланған дәл осы кітап Гарднерге АҚШ білім беру
теориясы және практикасында ең елеулі ғалым дәрежесін иеленіп, халықаралық
деңгейде әйгілі болуына септігін тигізді.
Говард Гарднер алты монография және танымдық даму және нейропсихология
мәселелері бойынша 100-ден астам ғылыми мақалалар жазған.
Достарыңызбен бөлісу: |