Х
аррис, Джудит Рич (ағыл. Judith Rich Harris) (1938)
–
тәуелсіз ғалым және теоретик,
Нью-Джерсиден (АҚШ)
шыққан психолог. Эволюциялық психология, әлеуметтік
психология, даму психологиясы және мінез-құлық генетикасы
салаларында зерттеу жүргізген.
1994 жылы Джудит Харрис
топтық әлеуметтендірудің
жаңа теориясын
жасады, ол теорияға сәйкес баланы қоршаған құрдастарының
рөлдік мінез-құлқы ата-аналары және педагогтер мәжбүрлеп сіңіруге тырысатын
рөлдік модельдерден бірнеше есе басым болады.
Джудит Харрис теориясы 1995 жылы Американың жетекші журналдарының
бірі «Психологиялық шолуда» жарияланған мақаласының негізіне кірді, содан
кейін Америкалық психологиялық қауымдастық оған психологияны дамытуға
қосқан үлесі үшін жыл сайын берілетін Джордж Миллер сыйлығын тапсырды.
Джудит Харрис 1998 жылы жарияланған «Тәрбие алғышарттары» (the Nur-
ture Assumption) кітабының авторы болып табылады, бұл басылымда ақыл-ой
қабілеттері, ашықтық, өкпешілдік, озбырлыққа бейімдік, ішкіштікке жақын болу
адамда тумай тұрып қаланатындығы туралы айтылған.
55
54
Достарыңызбен бөлісу: |