Функционалдық сауаттылық / Функциональная грамотность / Functional
literacy -
оқушының оқу әрекетіне (танымдық қабілеттерді игеру негізінде) бай-
ланысты проблемаларды; өмір сүру барысында туындайтын стандарттық пробле-
маларды (ережелер мен алгоритмдерді меңгеру негізінде); құндылықтар жүйесінде
бейімделуге қатысты проблемаларды (құндылықтар туралы білімді меңгеру
негізінде); кәсіби білімге дайындалу барысында туындайтын проблемаларды (тірек
білім мен білікті, сондай-ақ кәсіби білім жүйесі туралы, кәсіби оқу мекемелеріне
қабылдау ережелері туралы және оларда оқу ерекшеліктері туралы білімді меңгеру
негізінде) шеше алу қабілеті.
Тони Вагнер («Change Leadership Group» ( Harvard University, Graduate School of
Education) жобасының қосалқы директоры) өзінің «Табысқа жетелейтін дағдылар»
деген кітабында адамға ХХІ ғасырда табысқа жету үшін қажетті қасиеттерді
көрсеткен: сын тұрғысынан ойлау және проблемаларды шеше алу қабілеті,
бейімделе алу қабілеті, бастамашылық және кәсіпкер дағдылары, тиімді ауызша
және жазбаша қарым-қатынас жасау дағдылары, ақпаратты тауып, оны өңдей алу
қабілеті, әуесқойлық және қиял.
Достарыңызбен бөлісу: |