Шеберлік сыныбы / Мастер-класс / Master class -
білімдер
мен дағдыларды тарату мақсатында мұғалім өзінің жинақталған
кәсіби тәжірибесін өзінің әріптестеріне ұсынатын жұмыс түрі.
Шығармашылық / Творчество / Creativity -
адамның
белсенділігі мен өз бетінше орындайтын жұмысының ең жоғары
түрі. Шығармашылық оның әлеуметтік маңызы мен бірегейлігіне (сонылығына)
қарап бағаланады. Шығармашылықтың объективтік және субъективтік жақтары
болады. Объективтік тұрғыдан шығармашылық өзінің түпкі нәтижесімен – ғылыми
жаңалығымен, өнертапқышымен, оңтайландыруымен, көркем туынды тудыруы-
мен анықталады. Бұл орайда шығармашылық ауқымы әртүрлі болғанымен, оның
әлеуметтік құндылығы мен шешімінің соны болуы міндетті талап. Субъективтік
тұрғыдан алғанда шығармашылықтың түпкі нәтижесінде әлеуметтік құндылық пен
жаңалық болмаса да, оның маңызы шығармашылық үдерісінің өзімен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |