«Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы»


-тарау. КЕМТАР БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТIК ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕУ АРҚЫЛЫ ҚОЛДАУ МӘСЕЛЕЛЕРIН МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ



бет4/15
Дата03.03.2022
өлшемі32,39 Kb.
#134112
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
арнайы білім реферат

2-тарау. КЕМТАР БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТIК ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕУ АРҚЫЛЫ ҚОЛДАУ МӘСЕЛЕЛЕРIН МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ


4-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi
Қазақстан Республикасының Yкiметi:
1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
2) кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау саласындағы әлеуметтiк қызмет көрсету мен әлеуметтiк қамсыздандырудың стандарттарын айқындайды;
3) азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау саласындағы медициналық көмектiң тегiн кепiлдiк берiлген көлемiн бекiтедi;
4) кемтар балаларға арналған мектепке дейiнгi арнаулы тәрбие мен оқытудың және жалпы арнаулы бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарын әзiрлеу, бекiту тәртiбiн белгiлейдi;
5) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.27 № 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет