«Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы»


-бап. Жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының



бет8/15
Дата03.03.2022
өлшемі32,39 Kb.
#134112
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
арнайы білім реферат

8-бап. Жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының
құзыретi
1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi өкiлдi органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:
1) мүгедектер қатарындағы кемтар балаларға үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшесi туралы ережені әзiрлейдi, үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшелерiн құрады;
2) кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау мәселелерiмен айналысатын мемлекеттiк ұйымдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
3) алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету мекемелерiнде, балалар емханаларында, әйелдердi босандыру мекемелерiнде скрининг ұйымдастырады;
4) скрининг нәтижесiнде анықталған "қатер" тобындағы балаларды ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерінің келiсiмiмен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жiберудi қамтамасыз етедi;
5) кемтар балаларды арнаулы бiлiм беру ұйымдарында оқытуды ұйымдастырады және оларды басқа бiлiм беру ұйымдарында оқыту үшiн жағдай жасайды;
6) <*>
7) арнаулы бiлiм беру ұйымдары мен психикалық және (немесе) дене кемiстiктерiн анықтау, есепке алу мен түзеу салаларында жұмыс iстейтiн кадрларды қайта даярлауды, бiлiктiлiгiн арттыруды және аттестаттауды жоспарлайды және ұйымдастырады;
8) ауыр кемiстiктерi бар балаларға күтiм жасау жөнiндегi әлеуметтiк көмектi ұйымдастыру мен көрсету жөнiндегi қызметтi үйлестiредi;
9) жалпы мемлекеттiк стандарттарды сақтай отырып, кепiлдiктi медициналық қызмет көрсетiлу және тегiн бiлiм алу құқықтарын iске асыруды, сондай-ақ әлеуметтiк көмек алуды және арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетiлудi қамтамасыз етедi;
10) кемтар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларының құқықтарын қорғауды және оларға консультациялық көмек берудi қамтамасыз етедi;
11) кемтар балалардың жұмысқа орналасуына жәрдемдеседi;
12) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмiнiң шешiмiмен: алпыс мың балаға арналған психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар – республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада; оңалту орталықтары – республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада; психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерi республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада, сондай-ақ аудан орталықтарында құрылады.
Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет