«Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы»


-бап. Кемтар балаларға бiлiм берудi ұйымдастыру



бет11/15
Дата03.03.2022
өлшемі32,39 Kb.
#134112
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
арнайы білім реферат

11-бап. Кемтар балаларға бiлiм берудi ұйымдастыру
1. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың қорытындысына және оқытудың жеке жоспарына сәйкес кемтар балалар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды - үш жастан бастап, бастауыш және негiзгi орта бiлiмдi жетi - он жастан бастап алуына болады. Бұл ретте мемлекеттiк бiлiм беру бағдарламаларына сәйкес бастауыш және негiзгi жалпы бiлiм берудiң ұзақтығы он жылдан кем болмауға тиiс.
Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың қорытындысы бойынша айғақтамалары болған кезде кемтар балаларды тәрбиелеу мен оқыту үйде жеке және тегін жүзеге асырылады.
2. Кемтар балалардың Қазақстан Республикасының бiлiм туралы заңдарында белгiленген тәртiппен бiлiм алуға құқығы бар.
Мемлекет кемтар балаларды кәсiби даярлауға жәрдемдеседi.
3. Жалпы білім беретін арнаулы білім беру ұйымдары ымдау тілін, Брайль әліпбиін, басқа да балама қаріптерді және қарым-қатынас әдістерін пайдалана отырып, тірек-қимыл аппараты бұзылған, көру және (немесе) есту және (немесе) сөйлеу қабілеттері бұзылған балалардың білім алуы үшін арнайы жағдайлар жасайды.
Арнаулы білім беру ұйымдары педагог жұмыскерлерді, оның ішінде ымдау тілін, Брайль әліпбиін, басқа да балама қаріптерді және қарым-қатынас әдістерін меңгерген мүгедектерді жұмысқа тартады.
Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.27 № 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.07 № 222-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет