5-бап. Азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi Азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы уәкiлеттi орган
1) бала тууға көмектесетiн мекемелерде, балалар емханаларында, алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету мекемелерiнде "қатер" тобындағы балаларды барынша ертерек анықтау үшiн скрининг ұйымдастыру және анықталған "қатер" тобындағы және кемтар балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жiберу тәртiбiн белгiлейдi;
2) дене және (немесе) психикалық кемiстiгi бар балалар патологияларының диагностикасын, әр алуан түрлерiн емдеудi ұйымдастыру тәртiбiн белгiлейдi;
3) бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органмен бiрлесiп, "қатер" тобындағы балаларды ерте анықтау мәселелерi бойынша жалпы практика дәрiгерлерiн, балалар дәрiгерлерiн және орта буындағы медицина қызметкерлерiн даярлауды қамтамасыз етедi;
4) кемтар балалардың диагностикасы және оларды емдеу жөнiндегi халықаралық тәжiрибенi пайдалануға жәрдемдеседi;
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.