Кенащы орта мектебі 26-31 Қазан аралығында кенащы орта мектебінде өткен «мемлекеттік тіл менің тілім!» Атты қазақ тілі апталығының есебі



бет1/2
Дата23.08.2017
өлшемі2,57 Mb.
#25184
  1   2
Кенащы орта мектебі


26-31 ҚАЗАН АРАЛЫҒЫНДА КЕНАЩЫ ОРТА МЕКТЕБІНДЕ ӨТКЕН «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ - МЕНІҢ ТІЛІМ!» АТТЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ АПТАЛЫҒЫНЫҢ ЕСЕБІ

2015-2016 оқу жылы

26-31 ҚАЗАН АРАЛЫҒЫНДА КЕНАЩЫ ОРТА МЕКТЕБІНДЕ ӨТКЕН «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ - МЕНІҢ ТІЛІМ!» АТТЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ АПТАЛЫҒЫНЫҢ ЕСЕБІ

Гуманитарлық әдіс бірлестігінің жоспары бойынша Кенащы орта мектебіде қазақ тілі апталығы 26-31 қазан аралығында өтті. Оған барлық сынып оқушылары мен сынып жетекшілері алдын ала құлағдар болып, іс-шараның өтуіне өз үлетері қосты. Апталық алғашқы күні «Оқушылардың бойында қазақстандық патриотизмнің негізгі құндылықтарын қалыптастыру» атты баяндама оқылып, оқушылардың тек шығармашылық қана емес, сонымен қатар рухани деңгейде де өсулері назардан тыс қалған жоқ.

26.10.2015ж-5-9-сыныптар аралығында «Сөз мәйегі- мақал- мәтел» атты сайыс ұйымдастырылды. Оған әр сынып оқушыларынан құралған үш топ жарысқа түсті. Сайыс қорытындысы бойынша І орынды «Сұңқар» тобы, ІІ орынды «Тұлпар» тобы, ІІІ орыны «Тапқырлар» тобы қанжыларына байлады.

27.10.2015ж- Шығарма-эссе. «Менің Отаным-Қазақстан» /7-9/, «Менің тұңғыш президентім» /1-6/ бұл шығармашылық сайыста тек 2 оқушыға ғана орын берілді. Себебі біріншіден өз жұыстары уақытында тапсырушылар аз, екіншіден шығарма мен эссе жазуда ескерілетін талаптар негізге алынды. «Менің Отаным-Қазақстан» /7-9/ атты шығарма сайысында 7-сынып оқушысы Садыкова Зарина ІІ орын, «Менің тұңғыш президентім» /1-6/ атты шығарма сайысында 6-сынып оқушысы Әнесова Әнел І орын иеленді.

28.10.2015ж- «XXІ – ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ» интелектуалдық ойыны өткізілді. Оған 6-9 сынып оқушылары қатысты. Сайыс ІҮ кезеңнен тұрды. Жарыс жеңілпаздары төмендегідей:

XXІ – ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ» атағына 8-сынып оқушысы Шаймұрат Алтынтобық, І орын Ақбұлақ ауылынан қатынап оқитын 8-сынып оқушы Айкен Елдана, ІІ орын 6-сынып оқушысы Маратова Алуа, ІІІ орын 6-сынып оқушысы Әесова Әнел иеленген болатын.

Осы күні мектебіміздің кітапхашысы Ташимова Надежда Саматайқызы «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ - МЕНІҢ ТІЛІМ!» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

29.10.2015ж- 6-сынып оқушыларымен қазақ әдебиеті пәнінен «С.Торайғыров.«Шығамын  тірі болсам адам болып», «Мен-қазақ» өлеңдері тақырыбына ашық сабақ өткіздім. Сабақтың мақсатына жете алдым. Сынып өздерінің ұйымшыл, топ бойына жұмыс атқара алатындықтарын көрсетті.

30.10.2015ж-«Абай – дара, Абай — дана!» атты сыныптан тыс әдеби-монтаж 6-сынып оқушыларымен өткіздім.

31.10.2015ж «Дарабоз» атты мәнерлеп оқу сайысы. (Тақырыбы: Отан, туған жер, тіл, т.б. Апталықтың соңғы күні өткізілген мәнерлеп оқу сайысы жоғары деңгейде өтті. Оқушылардың дайындықтары жақсы болды. Сл себептен оқушыларды ынталандыру мақсатында 5 оқушыға мақтау қағазы тапсырылды. І орынды 8-сынып оқушысы Кусаинова Айнұр, ІІ орынды Ш.Алтынтобық пен Ж.Ақгүл, ІІІ орынды Т.Аружан мен М.Алуа бөлісті.



Апталық қорытындыланып, барлық белсене қатысқан оқушылар мен сыныптар марапатталды. Апталықта енді қанаттанып келе жатса да белсенділіктерін танытып, ерекше көзге түскен 6–сынып оқушыларына алғыс жарияланылды.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет