Кенащы орта мектебі психологының атқарылған жұмыстарының сараптамасы мектеп психологы


Оқушыларды ҰБТ-ге және ОЖСБ –ға психологиялық тарапта



бет5/6
Дата21.07.2020
өлшемі10,38 Mb.
#63618
1   2   3   4   5   6
Оқушыларды ҰБТ-ге және ОЖСБ –ға психологиялық тарапта

дайындау
2014-2015 оқу жылы 11- сынып оқушыларының саны үшеу, соның ішінде 2 ер бала, 1 қыз бала. ҰБТ-ге қатысатын 1 оқушы, қыз бала.

Бірақ 2014-2015 оқу жылы бойы 3 баламен қатар жұмыстар жүргізілді. 2015-2016 оқу жылында 8 оқушы. Оның 2 қыз бала, 6 ер балалар. Жоғарыда айтылып өтілген оқушылармен көптеген жұмыстар атқарылды, оларға психолог ретінде асыра қатты көңіл бөлдім. 9- 11 сынып оқушыларымен ҰБТ-ға және ОЖСБ –ға қатысу кезінде мінез-құлық стратегиясы мен тактикасын даярлау, өзін- өзі қалыпқа келтіру, өзін-өзі бақылау дағдысына үйрету, өз-өзіне және өз күшіне деген сенімділігін аттыру. Психоэмоционалдық қобалжудан босату жұмыстары осы күні жүргізілуде.



Оқушыларымен топтастырылған «Жетістікке жету жолы» атты тренинг 2 күн жүргізілді. Олар: «Танысу», «Мені ата», «Қолмен амандасу», «Топтың ережесі», «Менен кейін қайтала», «Дыбыс энергиясы», «Хош бол қобалжу!», «Менің қандай жетістікке жеткім келеді?», «Өзіңнің жұлдызыңды тап» сияқты т.б. еңбектер атқарылды. Өткізіліген тренингтер төменде көрсетілген мақсаттарды көздеуде:

  1. Стресске қарсы тұру сезімдерін көтеру;

  2. Мінез- құлқындағы сенімділік дағдысын қалыптастыру ;

  3. Эмоционалдық- жігерлілік дағдысын қалыптастыру;

  4. Эмпатиялық сезімін, өзіне-өзі назар аудару және қоршаған ортаға сенімділік сезімін дамыту;

  5. Ішкі сезімдеріне сүйене отырып, өзін- өзі бақылау дағдысын дамыту;

  6. Өз-өзіне нұсқау бере отырып, жауапкершілікпен қарауды түсіндіруге көмектесу;

  7. Конструктивті қарым- қатынас дағдысына үйрету болып табылады.

Тренинг соңында оқушыларға «тренинг сіздерге қаншалықта ұнады?» атты анонимдік парақшалар таратылды. Парақшалар көрсеткіші арқылы оқушылардың тренинг жүз пайызға көңілдерінен шыққаны жайлы дәреже көрсетілді.

Осы күні 9-11 сыныптарымен күн сайын кеңестер мен көңіл сергіту, сырласу әңгімелері жүргізіліп отырылды. Аптасына тестермен сауалнамалар жүргізу жұмыстары да өткізілді.

.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет