«Синий кит» және «тихий дом» немесе «разбуди меня 4:20» Интернет-ресурстарындағы жасөспірімдер мен балалардың өз өлімін насихаттайтын ойын
Интернет-ресурстарда балалар мен жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауды насихаттайтын «Синий кит» және «Тихий дом» немесе «Разбуди меня 4:20»жаңа ойындарына шақыру жағдайларының жиіленуіне байланысты жоғары сынып оқушыларымен кездесіп компьютерлік суицид ойыны жайлы оқушыларға видео роликтер және т.б интернет жүйесінен алынған мақалаларды жеткізу арқылы төменде көрсетілген ойындағы бала белгілерін айтып түсіндіріліп өтілді.
Бұл қауымдастыққа кіру кезеңінде балалар тұйық бола бастайды, депрессия белгілері пайда болады, ата-аналармен қарам-қатынаста барынша тіл алғыш болып келеді.
Соңғы кездері баланың салған суретіне ерекше көңіл бөлген жөн. Аталған қауымдастыққа тіркелген балалар жалғыз мүйізді ат немесе көк киттердің суреттерін сала бастайды.
Бұл балалар ұйықтауға ерте жатады, сағатты таңғы 4.00-ге қояды немесе осы уақытта біреуден өзін оятуын сұрайды. Бұл жағдай белгілерінің бірі - бала ұйқысының қанбауы.
Балалар өз интернет-ресурстарында ақпаратты жояды немесе тыйым салады, бұнымен ата-аналарына шектеу қояды.
Педагогикалық ұжыммен жұмыс
Алдын-алу жұмыстары барысында «Өткеннен сәлем, немесе балалық емес ойындар» атты жұмыстар жүргізілді. Педагогтарға арналған тренингілер: күштенулер мен шалдығудың алдын алу, ұжымда психологиялық климатты арттыру.
Достарыңызбен бөлісу: |