2.Компанияның құрылымы
Қазақмыс Тобы Шығыстүстімет кәсіпорындарын «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС құрамынан шығарып Қазақмыс ПЛС жариялық компания құрамындағы өз алдына дербес заңды тұлға ретінде қайта ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруда. Жезқазғантүстімет, Қарағандытүстімет өндірістік бірлестіктерінің, «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС мен «Қазақмыс Энерджи» ЖШС-нің активтері «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің құрамында қалады және өз қызметін жариялық емес, жеке компания ретінде
жалғастырады. Директорлар кеңесі мен Қазақмыс Тобының атқарушы басшылары осындай принцип негізінде қайта ұйымдастыру активтердің ұзақ мерзімді табысты дамуы үшін қажетті жағдайды қамтамасыз етеді деп пайымдайды. Ықтимал қайта ұйымдастыру ісі Қарағанды өңіріндегі кәсіпорындарға тәуелсіз құрылым құрамында жариялық компанияның қаржылық ауыртпалықтарын көтерместен өз алдына
дербес инвестициялық саясат жүргізуге мүмкіндік береді, ал бұл өз кезегінде Қарағанды облысындағы активтерді модернизациялауға, ресурстардың орнын толтыруға және ұлғайтуға оңды әсер етеді. Владимир Ким екі компанияның да басты акционері болып қалады. Топ аталмыш жоспарлар акционерлердің жалпы жиналысының мақұлдауын қажет етеді, ал ықтимал қайта ұйымдастыру жөніндегі шаралардың кейбіреулері, соның ішінде жер қойнауын пайдалану құқығын беру мәселесі реттеуші органдарда келісуі тиіс екенін атап
көрсетеді. Қазақмыс Тобы осындай сценарий бойынша қайта ұйымдастырылған жағдайда кәсіпорындар жабылмайды, еңбең ұжымы қысқартылмайды және еңбек шарты өзгеріске ұшырамайды. 2018 – ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚҚМЗ-ға САПАРЫ
Мемлекет басшысы заманауи роботтандырылған жабдықтармен және автоматтандырылған басқару жүйесімен жабдықталған «Maker» ЖШС Қарағанды құю-машина жасау зауытының өндірістік үдерістерімен танысты. Нұрсұлтан Назарбаев нысанды аралау барысында облыстағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарымен танысты, сондай-ақ «Казақмыс корпорациясы» ЖШС-нің атқаратын жұмысы жайлы таныстырылым өткізді.
2018 – ЕКІНШІ КЕН ҚЫЗДЫРУ ПЕШІНІҢ ЖҰМЫСЫН ЖАҢҒЫРТУ
«Қазақмыс Холдинг» ЖШС құрамына кіретін «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауытында 10 жылдық үзілістен соң екінші кен қыздыру пеші өз жұмысын қайта бастады. Оны іске қосуға «Қазақмыс» компаниялар тобының шикізат базасының ұлғаюы, оның ішінде «KAZ Minerals» ЖШС жаңа тау-кен-байыту нысандарының пайдалануға берілуі негіз болды. Нәтижесінде зауыттың жобалық қуаты артты, жылына 220 мың тонна катодты мыс шығаруға қауқарлы.
Достарыңызбен бөлісу: |