2006 – ҚАЗАҚСТАНДА ҚАЗАҚМЫС АКЦИЯЛАРЫН САТУ БАСТАЛДЫ Қазақмыс Қазақстан экономикасының дамуына ықпал еткісі келетінін көрсету мақсатында өз акцияларын Қазақстан қор биржасына шығара бастады.
2005 – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИРЖАҒА ШЫҒУ 2005 жылдың қазанында Қазақмыс өз акциясын Лондон қор биржасына орналастырған Қазақстандағы тұңғыш компания атанды. Сол жылдың желтоқсан айында корпорация Ұлыбританияның ірі листингтік компаниялар тізіміне (FTSE 100) енгізілді.
1997 – «ҚАЗАҚМЫС» КОРПОРАЦИЯСЫ Жаңа компания – «Қазақмыс» корпорациясының қалыптасу кезеңі. 2005 жылға дейін компания даму кезеңін бастан кешті, кеніштер мен кәсіпорындарды игерді, интеграцияланған өндіріс орнын құру үшін активтерін шоғырландырумен айналысты. Қазақмыс әлемдегі мыс өндіретін ірі интеграциялық компанияға айналды.
1995 – ҚОЖАЙЫННЫҢ АУЫСУЫ Компанияны Корейдің Самсунг корпорациясы басқаруға кірісті. Үкімет КСРО тарағаннан кейін қиын жағдайға тап болған комбинаттарды қалпына келтіру мақсатында инвесторлар, инвестициялар мен тәжірибесі мол шетелдіктерді тарту үшін осындай қадамға барды. 1996 жылы Самсунг корпорациясы Қазақмыс компаниясы акциясының 40 пайызын сатып алды. Кейін оны сатып жіберді.
1992 – ҚАЗАҚМЫСТЫҢ ҚАЙТА ТҮЛЕУІ Қазақстан үкіметі «Жезқазғанцветмет» АҚ деген атаумен компания құрды. Кейін қуаттылықты қалпына келтіру, рентабельділігін арттыру және инвесторлар тарту мақсатында жеке меншікке берілді.
1971 – ЖЕЗҚАЗҒАН МЫС БАЛҚЫТУ ЗАУЫТЫН АШУ Мыс балқытатын «Жезказганцветмет» ӨБ іске қосылды.
1938 – БАЛҚАШ МЫС БАЛҚЫТУ ЗАУЫТЫНЫҢ АШЫЛУЫ, ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ МЕН ЖЕЗҚАЗҒАН КОМБИНАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ 1931 жылы сәуір айында «Цветметзолото» басқармасы Балқаш көлі аумағында пирометаллургиялық зауыт салу туралы шешім қабылдады. 1938 жылы Балқашта ең бірінші отандық қара мыс өндіріліп, сол жылы анодты мыс құйылды. Ай сайын БМЗ 19-20 мың тонна қара мыс балқытады. 1938 жылдың 10-ақпанында шыққан №50 бұйрықта жаңа зауыт құрылысына тездетіп кірісу туралы тапсырма берілді. Онда Жезқазған комбинатының жаңа шахталары, байыту фабрикалары, жаңа қалашық пен мыс балқыту зауытын жобалау және салу мәселелері қамтылды. Комбинат, ең алғашқы 5 шахта мен карьерлер 1943 жылы-ақ жұмысқа кірісіп кетті. Ал, құрылыс 1958 жылы толықтай аяқталды.