Тақырыбы: Инновациялық даму негізінде өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру (нақты өңір мысалында) Кіріспе Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын көтеру мақсатында «асфальт-бетон зауытын»
Тақырыбы: Инновациялық даму негізінде өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру (нақты өңір мысалында) Кіріспе
Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын көтеру мақсатында «асфальт-бетон зауытын» ашу (Алматы облысы Райымбек ауданының мысаланда)
Открытие «асфальта-бетонного завода» в целях повышения социально-экономического развития региона развитии (на примере Райымбекского района Алматинской области)
Тақырыптың өзектілігі. «Қуатты Қазақстан дегеніміз – бұл ең әуелі өңірлердің қуаттылығы болып саналады» деп елбасы соңғы жолдауында айтқандай, казіргі әлемде орын алып жатқан саяси жағдайлардың тұрақсыздығы, ұлтаралық жанжалдардың өршуі кезінде аймақтық саясат арқылы аймақтар экономикасын бәсекеге қабілетті ету, оның ішінде дағдарыс жағдайындағы аймақтар үшін қолайлы даму жобаларын жасау, мемлекеттің тұтастығының сақталуы мен тұрақты дамуының негізі болуда.
Аймақтық экономика ретінде Қазақстандағы өндіргіш күштердің әлеуметтік – экономикалық аймақтық таралуын талдау және оның экономикалық салаларын, аймақтың басты табиғи – экономикалық, демографиялық және экологиялық ерекшеліктерін, оған қоса, аймақаралық, аймақішілік және мемлекетаралық экономикалық байланыстарды дамытуды айта аламыз. Ал аймақ дегеніміз – өзінің белгілі бір территориясы бар, бюджеті, басқару аппараты, халқы, белгілі бір маманданған өндіріс орны бар әкімшілік аумақтар бірліктер тобы.
Дамыған мемлекеттерде, соның ішінде, АҚШ-та ең дамыған және даму көрсеткіші бойынша соңғы орындағы штаттар арасындағы жалпы аймақтық өнім (ЖАӨ) бойынша макималды 1,8 есе айырмашылық ғана болса, ал біздің Қазақстанда бұл көрсеткіш 2011 жылғы мәлімет бойынша 10 есені көрсеткен. Бұл дегеніміз Қазақстандағы аймақтық даму әркелкі деген сөз. Бұл өз кезегінде еліміздің жалпы әлемдік нарықтағы экономикалық бәсекеге қабілеттілігіне үлкен әсер етеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің 2006 жылғы жолдауында бұл мәселенің өзектілігін аңғара отырып, былай деген еді: «Бүгінгі таңда тұтас алғанда еліміздегі экономикалық жаңарудың «локомотиві» болуға қабілетті дамыған аймақтық орталықтарының экономикалық қызметін жандандыруға, сондай – ақ аймақтардың ұтымды экономикалық мамандануын қалыптастыруға бағытталған осы заманғы даму стратегиясы қажет..» - деп атап айттқан болатын. Осының негізінде Қазақстанның 2015 жылға дейінгі аймақтық даму стратегиясы қабылданған болатын. Ал 2012 жылғы елбасы жолдауында да бұл мәселе халық назарына ұсынылды, яғни, аймақтардың экономикалық белсенділігін арттыру әрқашан маңызды болып қала беруде.
Сондықтанда, аймақтарды, әсіресе, дағдарыс жағдайындағы аймақтарды экономикалық көрсеткіштер арқылы анықтап, оның экономикалық бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жүйелі жұмыс жасалу керек. Дағдарыс жағдайындағы аймақтар экономикасының бәсекеге қабілетін кешенді дамуына және экономиканы тұрақтандыру мәселесінің өзектілігі қазіргі таңда басты мәселе болғандықтан жобаның негізгі мәселесі болып, зерттеудің мақсаты мен міндеттері анықталды.
Инновациялық жобаның мақсаты мен міндеттері – аймақтық экономиканың, соның ішінде, дағдарыс жағдайындағы аймақтар экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің теориялық негіздерін игеру, сол аймақтарды технологиялық инновациямен және инвестициямен көтеру, дағдарыс жағдайындағы аймақтарда өндіріс салаларын жаңа жабдықтармен қамтамасыз ету, бағаланудың әдістік негіздерін және Қазақстан аймақтарының әлеуметтік – экономикалық дамудың кешенді зерттеуін игеру, бағыттарды және оны қамтамасыз ету тетіктерін дәлелдеу. Сонымен қатар қазіргі жағдайдағы даму барысын талдау және дағдарыс жағдайындағы аймақтардың экономикасын тұрақтандыру мен дамытудың негізгі бағыттарын анықтау.
Зерттеу объектісі –Қазақстандағы аймақтардың жалпы аймақтық өнім көрсеткіштері бойынша (453,9 млрд тг), өндірістік өнім көлемі бойынша (119,6 млрд тг), инновациялық даму белсенділігі бойынша (соңғы екі жыл ішінде тек 0,33%-ға өскен) Жамбыл облысы ең төмеңгі көрсеткішке ие.
Аймақтың экономикалық белсенді халқы жоғары деңгейде болғанымен (784,1 мың адам), жұмыссыз халықтың саны жоғары (33,4 мың адам), сонымен қатар, аймақтың игерілмеген табиғи байлықтары мол.
Жоба бойынша қызмет сипаттамасы.Аталған аймақтың экономикалық белсенділігін көтеру мақсатында, осы аймақта шоғырланған Кеңестік кезеңнен кейін пайдаланылмай қалған,қиыршық тасты үйінділерді пайдаға жүзеге асыра отырып, аталған аймақтан ірі «асфальт-бетон зауытын» ашуды ұсынып отырмыз. Бұл зауыт тек Сарысу ауданының жұмыссыз халқын ғана емес, сонымен қатар Жамбыл облысы аймағындағы басқа да аудандардың жұмыссыз халқын жұмыспен қамтымақ. Зауыт ауысмдық әдіске негізделген болады.
Aсфальт-бетон зауыты бір сағатта 60-80 тонна асфальт шығаратын болады. Жеке бөлімдер арасындағы модульдік құрылым мен нақты анықталған интерфейс жергілікті өндірістердің көзін пайдалануға мүмкіндік береді.