Тақырыбы: Инновациялық даму негізінде өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру (нақты өңір мысалында) Кіріспе Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын көтеру мақсатында «асфальт-бетон зауытын»



бет3/6
Дата22.05.2022
өлшемі0,59 Mb.
#144662
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Проект Инновациялық даму негізінде өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Халықтың өмір сүру деңгейі
Халықтың өмір сүру деңгейін анықтайтын көрсеткіш ретінде, агрегатталған индекспен қатар, адамдық даму индексін алуға болады. Бұл индекс халықтың өмір сүру деңгейі бойынша бағалауға мүмкіндік береді:ұзақ және салауатты өмір,білім, қол жетімді өмір сүру деңгейі.
Халықтың өмір сүру деңгейі индексін есептеуде: жан басына шаққандағы ЖІӨ,халықтың сатып алу қабілеті, жұмыссыздық деңгейі, кедейшілік, тұрғын үймен орташа қамтамасыз етілу деңгейі,халықтың медицинамен қамтамасыз етілу деңгейі атты субиндекстер қолданылған. Аталған рейтинг бойынша, халықтың өиір сүру деңгейінің жоғарғы көрсеткішіне Алматы және Астана қалалары ие,ал ең төменгі деңгей Жамбыл облысында.
Аймақтың бәсекеге қабілеттілік деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер ретінде, еңбек өнімділігі, өндірістер және кәсіпорындарының бөлінуі,адамдық капитал жатады.
Бұл көрсеткіштер бойынша алдыңғы орында Атырау, Алматы және Астана қалалары болса, ал ең төменгі деңгей Жамбыл облысында болып отыр.
Инновациялық даму
Мемлекеттің сонымен қатар, аймақтардың да бәсекеге қабілеттілік деңгейін анықтаушы басты факторы жаһандану шарттары және жедел ғылыми-техникалық прогресс негізінде өндірістік кешенге инновациялық жаңалықтарды ендіру болып табылады. Аймақтардың инновациялық дамуын талдауда, аймақтың ғылыми зерттеу жұмыстарына жұмсаған қаражаттары, технологиялық инновациялар, жоғары және орташа деңгейдегі IT-мамандарының саны, жоғарғы импорттехнологиялық және құралдардың көлемі, берілген патенттердің саны т.б.
Аймақтардың ғылыми-техникалық, инновациялық даму тұрғысынан арттақалушылығының себебі, ғылыми сфераның жеткіліксіз немесе мүлдем қаржыландырылмау салдарынан.
Инфрақұрылымдық даму
Аймақтардың инфрақұрылымдық даму көрсеткіштері мынадай көрсеткіштер бойынша есептелінді автомобиль жолдарының қатты төсеніштерінің тығыздығы, темір жолдарының тығыздығы, өндіріс қорларының көлемімен және т.б көреткіштер бойынша. Рейтинг бойынша аймақтардың инфрақұрылымдық даму көрсеткіштері, аймақтар арасындағы алшақтық өткен жылдармен салыстырмалы түрде соншалықты үлкен емес. Алайда, инфрақұрылымдық объектілер көрсеткіштерінің төмен екендігін ескеру маңызды, топтарға топтастыру бойынша жоғарғы деңгейлі инфрақұрылымдық дамуға тек: Астана қаласы, Алматы қаласы, Атырау, Шығыс-Қазақстан, Ақмола және Солтүстік Қазақстан екінші топқа, ал 10 аймақ осы көрсеткіш бойынша төменгі даму деңгейіне 3 топқа жатады. Егер сараптап қарар болсақ инновациялық даму индексі бойынша Атырау облысының басымдығын атап көрсетугу болады. Бірақ инфрақұрылымдық даму деңгейі бойынша, өндірістік индекс көрсеткіші, халықтың өмір сүру деңгейі бойынша бұл аймақ соңғы орындардың бірінде, белсенді әлеуметтік саясатты жүргізудің қажеттігін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет