Жоспар І кіріспе. Бақыт Сарбалаұлы өмірі ІІ негізгі бөлім



Дата07.12.2019
өлшемі23,64 Kb.
#53166
Байланысты:
Бақыт Сарбалаев

Жоспар

І Кіріспе. Бақыт Сарбалаұлы өмірі

ІІ Негізгі бөлім: 1. Сыншы Бақыт Сарбалаев

2. Таза бұлақ (Құлбек Ергөбек естелігінен)



ІІІ Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Кіріспе

  1947 жылы 18 мамырда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жайылма ауылында туған. Әкесі - Сарбалаев Тұрсын ұжымшар төрағасы, Тұрмыс қажетін өтеу комбинатының директоры болған. Анасы - Сарбалаева Ұлбазар үй шаруасымен айналысқан. Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының филология факультетін бітірген (1969), қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы. 

      Алғашқы еңбек жолын мектепте мұғалім болып бастаған. 1970 жылы Алматы облысы Іле ауданында «Ильич жолы» газетінде, кейін «Қазақстан мұғалімі», 1974-1978 ж. «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газеттерінде, 1978-1982 жж.  «Жалын» журналында, 1982-1986 жж. Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің репертуарлық редакциялық алқасында аға редактор, «Қазақ әдебиеті» газетінде, 1990-1995 жж. «Ана тілі» газетінде бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарды. 1995 жылдан «Қазақ елі» газетінің бас редакторы. 2007 жылдан - «Сын» әдеби-сын журналының бас редакторы. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы төралқасының мүшесі. Әдеби сын кеңесінің төрағасы. Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы.

   «Қызыл алма» (1981), «Ақиқат алдында» (1986), «Бейімбет Майлин» (1989), «Өткірдің жүзі» (1991), «ІлиясЖансүгіров» (1992), «Нұрлан» (2007), «Жиырма бес» (2008), «Көккесене» (2009) кітаптарының авторы, сондай-ақ 1 000-нан астам мақаланың авторы. 2009 жылы «Сырдария кітапханасы» сериясымен «Көккесене» атты кітабы жарық көрді.

         Қазақстан Журналистер одағы (1992), Халықаралық «Алаш» сыйлықтарының (1994) лауреаты.

Сыншы Бақыт Сарбалаев

Бақыт Сарбалаев кім?


Бұл сұраққа кез келген әде­биет­­­сүйер қазақтың «Бақыт Сар­ба­­лаев – сыншы, сыншы бол­ған­да да рах­­меті аз, лағнеті көп осы бір жанр­­дың сәйгүлігі» дері анық.Бақыт Сарбалаев десек, әде­биет сынын еске аламыз, әдебиет сы­­ны десек, басқа мықтылармен бір­ге Бақыт Сарбалаев та еске тү­се­­ді.

Сыншы Б.Сарбалаевтың 1980 жылы жазылған «Өзінді-өзің танисың ба?» аталған мақаласы поэзия өнерінің шынайы асыл қасиетін танып-білуге арналған. Өлең-сөздің дүлділі Расул Ғамзатовтың: «Жыр деген әсем де көркем, сұлу да сымбатты болуға тиіс - мұны хақ деп біл; оның ішінде қандай тамаша пікір-ой жатса да бәрібір. Әсем болғанда жай ғана емес, өзінше әсем болу керек. Өз әдісімді, өз мәнерімді, өзімді өзім тауып алдым дегенше ақын болдым дей бер. Ақын болу - өзінді-өзің табу» деген тамаша қағидасын басшылыққа ала ой тоғытқан автор аталған еңбегінде негізінен Е.Ибраһим, И.Оразбаев, Н.Оразалин, Д.Стамбеков, Ү.Есдәулетов, Ғ.Құлахметов ақындығы мен олардың өнерпаздық қыр-сырын аңдауға ұмтылады.

Әрбірінің өзіндік (әрине, ақындық) стилін, өзгеге ұқсамайтын мәнер-машығын Б. Сарбалаев жете танып, жеткізе түседі. Мәселен, автор Н.Оразалинді «Ақындық адымдары, поэзияға араласу мәдениеті сүйсіндіреді» деп бағаласа, Ұлықбек поэзиясы хақында: «Нық қадам. Ой да бар, образ да бар. Сыр да бар, сүлулық та бар» десе, Д.Стамбековті «Көп жарқылдап көзге түспегенмен, іштей өсіп, гүлденген ақын» қатарына жатызады.

Әйтсе де, есім-атақтары белгілі ақындарымыздың бойынан да кем-кетіктер табылатынын айта кетеді. Мэселен, Е.Ибраһимнің «Бақыт шырағы» аталған өлеңін: «Қанағаттанарлық емес туынды. Айтыла-айтыла жауыр болған ой. Ол бұл жолы өзін-өзі таба алмаған» десе, Ұлықбектің «Әлди» өлеңін «Ойланбай оқығанда тәп-тәуір осы өлеңнің көтеріп тұрған жүгі шамалы. Әйтпесе автор-ақынның «қайдан естідім бұл әнді» деп бесік жырын бірден білмей, аңғара алмай, басы қатуына қалай сенерміз» деуін орынды сынға жатқыздық. F. Құлахметовты жасына жетпей «қартаюға керемет құмар» ақын есебінде көрсетеді. Олай деуінің басты себебі - «Өзі бастан кешпеген жайларды, білмейтін нәрселерді тамылжытып, таңданып айтам деп әуре. Ақыл айтуға, кеңес беруге құштар» - деп «ерекшелейді».

Ал Т. Молдабеков, К. Қалиевтің өлең кітаптарына жүргізген шолуда «шалағай шумақтардың» көп ұшырасатынын, «Жадағай ой. Жаттанды тіркестер. Орынсыз қолданылған сөздер. Құрғақ тамсану. Екі автордың өлеңі де әліппелік дәрежеде» деген тоқтамға келеді.

Б. Сарбалаев өлең өнерінде әр ақынның өзін-өзі табуының жолы оңай еместігін нақты көрсетіп, шынайы пайым-танымға негізделген аталған мақаласының қай кезеңде де маңызы өте зор.

Сыншы Б. Сарбалаевтың: «Қазіргі қазақ поэзиясының дау дәрежесі қай деңгейде? Қол артқан, жеткен өресі, жайлап жатқан өрісі қандай?» - деп басталатын жазбасы өткен ғасырдың 70 - жылдары жазылса да, бүгінгі эстетикалық талғам талабына толық жауап береді. Бес бөлімнен тұратын көлемді еңбек - «Өлең өресі неге өспейді?» деп аталады.

Қазақ поэзиясының даму, жетілу жолына сыни көзқарас танытқан автор сол дәуірдің белді, беделді ақындарының шығармаларына әдеби талдау жүргізіледі. Мақалада мықты, танымал ақындарымыз С.Мәуленов, О.Сүлейменов, Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиев, Ж.Нэжімеденов, Ф.Оңғарсыновалардың ұлт өлеңінің өрісін кеңейтудегі шығармашылық табыстары нақты мысалдар арқылы баяндалады. Солармен замандас Т.Есімжанов, Т.Бердияров, Ө.Нүрғалиев сынды өлең өнершілерінің ізденістеріндегі «әттеген-ай» кемшіліктерге назар аударады. Сыншының мақсаты - есімдері аталған үш ақынды мұқату немесе тырнақ астынан кір іздеу емес, «поэзиямызға елулі үлес қосқан және қосып жүрген, көпке кеңінен танымал үш ақынымыздың белгілі бір жинақтарын - көрмелерін көріп, шыққан белестерін басу» екен.

Сөйтіп: «Олардың көрмелерінде нашар, бір тіні бос, арқауы әлсіз, ажарсыз дүниелер мол екен» - дейді автор. Бір қайнауы кемшін дүниелердің талантты ақындарда да болатынын, кездесетінін, алайда ондай олқылықтарды шама келсе болдырмауға шақырған, үнденген сыншы жазбасындағы түжырымдар реалистік өлшемнен онша алыс кетпейді. Мәселен, Т.Есімжановты сыншы: «Парасатты ойдың, сергек сезімнің ақыны» - дейді, яки ол қай тақырыпты жырласа да қарымды игере алады. «Болашаққа хат», «Қабырғатал», «Ар атымен», «Революция нұрынан», «Ілияс - дастан» секілді бірнеше жыр кітаптарын шығарған ақынның «Осы жақтың ұлымын» деп аталатын соңғы өлең кітабының жаңа дүниелерін (өлең жырларын) сыншы ғалым жан-жақты саралайды. Тым тәуір жазылған өлеңдердің молдығын жоққа шығармаған автор, алайда мықты ақындар да нашар туындылардың барлығын, сирек те болсак кездесетінін тілге тиек етеді. Әсіресе Т.Есімжановтың арнау өлеңдеріндегі ұзақ сонар баяндаулардың, еңбек адамдарына арналған ондай туындылардың бояуындағы кейбір сәтсіздіктерді: «Ақын кейіпкерін - біздің замандасымызды рабайсыз алыпқа айналдьфып жіберген» -дей келе: «Бүгінгі еңбек адамы қанша десе де Алпамыс емес қой. Әсірелеудің де шегі бар емес пе?» деп орынды ескерту жасайды. Сыншы сонымен бірге Т.Есімжановтың «Армысың, апрель» атты көлемді туындысын «Менің юбилейім» аталған өлеңін - «ортақол жырларға» жатқызады. «Әлжуаз, сұрғылт» өлендер жазу - шынайы өлең шебері Т.Есімжановқа тән қасиет емес дегенді меңзейді автор.

Лирикалық поэзияның өсу, өрбу өрісін сын назарынан қалыс қалдырмаған Б.Сарбалаев жоғарыда есімдері аталып, туындылары талданған ақындардың (Т.Есімжанов, Т.Бердияров, Ө.Нүрғалиев) шығармашылық ізденістеріндегі кедір-бұдыр түстарды дөп басып, шынайы сыншылдық көзқарас танытады. Сыншы тұжырымынша аталған ақындар «біршама қүлдырап кері кеткен». «Бір реніштісі - бұл тек аталған үш қаламгерге ғана емес, жас, жасамыс ақындарымыздың көбісіне ортақ үлкен олқылық, жан ауыртар құбылыс» -дейді автор. Сыншы жазбасының осыдан көп жыл бүрын жазылғандығына қарамастан, дэл бүгінгі күні де «күллі әдеби қауымды қатты ойландырар, мазасызданар жағдай» ретінде өзектілігі өз мәнін әлі күнге жоймасы анық.

Поэзия табиғатының түлеп-өсуі мен оны жасаушы ақындар қауымының шығармашылық деңгей дәрежесін ұдайы назарда ұстаған Б.Сарбалаевтың сыни еңбектерінде («Жыр. Жауапкершілік. Жұмыс», «Жер жанатының жаратылысы (Ақын Ілияс Жансүгіровтың атақты «Жетісу суреттері» өлеңінің жазылғанына 60 жыл)», «Нар ақын, бұлбұл ақын», «Айтшы, қайың, айналайын...» (Ақын Бернияз Күлеевтің туғанына 90 жыл толуына орай)», «Мәңгілік сәуле», «Жол ұзақ «Ақын Ізтай Мәмбетовтің туғанына 60 жыл)», «Сен менің жүрегімдесің», «Жарқын жыр жапырақтары (Ақын Жүсіп Қыдыровтың туғанына 50 жыл)», «Жұлдыз жырлар», т.б.) - қазақ лирикасының сан жылдық даму бағдары кеңінен алынып қарастырылады.

Таза бұлақ

(Құлбек Ергөбек естелігінен)

Бақыт Сарбалаұлы жайында айта бастасан көңіліңе көрікті ой келіп, кісіні шуақты сезім билей жөнеледі. Ол, әрине, Бақыттың кісілік келбеті, азаматтық тұлғасы, қаламгерлік болмасынан туындап жататын сезімдер. Сол сезімдердің кейбірін оқырман көпшілікпен бөліскім келеді.

Бақыт Сарбалаұлы өзінің жүрекжардысын өлеңмен бастаған екен. Бірақ, мөлдіреген сезіммен жазылар өлеңнен гөрі парасатқа, қала берді білімге бітер әдеби сын жанрына ден қойған. Өзі қалай ойлайтынын кім білсін, біздің пайымдауымызша, Бақыттың сын жанрына келуі – өзін-өзі табуы.

Журналистика! Бақыт Сарбалаұлы – журналист. Журналистика – адал атқарсаң – ар кәсібі. «Қазақ әдебиеті» газетінде қызметкер, «Ана тілі» газетінде бас редактордың орынбасары, енді міне «Қазақ елі» газетінің бас редакторы. Атам қазақ, жігіттің қолына қызмет беріп, байқаған. Жігіт сөзі мен ісінің бірлігін айқындау үшін жасаған әрекеті болар. Өзі қызмет атқарған кездері «Қазақстан мұғалімі» газетінің әдеби басылымға айналдырып «жаңбырша жауған», «Қазақ әдебиеті» газетінде ойлы, парасатты сыншы болып «қоздаған» Бақыт Сарбалаұлы «Ана тілі» «үнжариясында» салиқалы басшы, қызулы саясаткер-публицист ретінде бой тастаса, қорғасынан арқалай жүріп өзі қолдан құрған «Қазақ елінде» кәнігі бас редактор, пайымды басшы болып қызмет атқаруда. Көтергіш кранмен келген кей редактор бар баспасөзді ұқсата алмай, жауып алып жатқанда Бақыттың жоқтан – бар жасап, «Қазақ елі» еларалық апталығын ашып, қасірет-қайғысы көп қазақ халқының жоқшысына айналуы – азаматтық биіктігі, рухани ерлігі. Саусағын мүйіздетіп қалыптасқан сыншылық білім парасат оны «бас сарашы» кезінде желеп-жебеп жүр.



Бақыт Сарбалаұлы жайында көп айтуға болады. Бірақ, біз әзірге аз сөзбен шектелмейміз. Өйткені, Бәкең еңкейген кәрі емес, кей жігіттердей, қызмет буына мастанып, мақтан тілер «әлсіз» жан емес, «бес қаруы – бойында» дер шағында тұрған азамат. «Жалған мақтау – жанға қас» екенін Бәкеңнен артық білер кім бар?! Сөз бен іс қабыса бермейтін мына заманда, іс пен сөздің бірлігінен сом құйылған замандас, қадірлі қаламдасқа елің үшін еңбек ет, халқың үшін қызмет қыл, «еңбегің кетпес далаға» - деген тілек айтамыз. Көлгір көптің емес, арлы аз әріптестің – мақтанына айнал, Бәке!

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Сарбалаев Б. Қызыл алма. Алматы: Жалын, 1981. - 184 б.

  2. Сарбалаев Б. Ақиқат алдында. Алматы: Жазушы, 1986. - 216 б.

  3. Сарбалаев Б. Өткірдің жүзі. Алматы: Жазушы, 1992. - 288 б.

  4. Сарбалаев Б. Жиырма бес. Алматы: Ан-Арыс, 2008. Т.1. - 280 б.

  5. Сарбалаев Б. Бес мүшел. Алматы: Ан-Арыс, 2009. Т.2. - 320 б.

  6. Еркөбек Қ. Арыстар мен ағыстар: Әдебиеттану, сын әлемі. – Алматы: Қазығұрт, 2003. – 336 б.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет