2 бөлім. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда оқытудың дамытушылық қызметін жүзеге асырудың әдістемесі
2.1 Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру барысында оқытудың дамытушылық қызметін жүзеге асырудың жолдары..........................
2.2.Кеңістікті және уақытты бағдарлау дағдыларын дамыту
2.3. Геометриялық пішіндер мен денелер, өлшемдер туралы түсініктерін қалыптастыру.............................................................................................................
2.4 Қарапайым арифметикалық амалдарды қолдану
2.5 Мектепалды даярлық жүйесінде балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары...................................
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................
ҚОСЫМШАЛАР......................................................................................................
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасында және «Нақты 100 қадам» ұлт жоспарында білім беру жүйесінде білім, білік, дағды жиынтығын меңгерту ғана емес, білімгерлердің ақпаратты өздігімен табу, талдау, оларды жүйелеу және орынды да тиімді пайдалану біліктілігін бойына сіңіру, дүниежүзілік ақпараттық ағымдарды түсіну мен түрлендіру арқылы мектепке дейінгі жаста қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыруға айрықша көңіл бөлінген.
ҚР үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу жүйесі балалардың өмір бойына әлеуметтік табыстылық пен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге қажетті физикалық, тұлғалық, зияткерлік қасиеттерін дамытуға, негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған» деп көрсетілген [1]. Осыған орай, балалардың ұйымдастырылған оқу және ойын әрекеті арқылы оқытудың дамытушылық қызметін жүзеге асыру мектепке дейінгі білім берудің басты бағыттарының бірі болып саналады.
Балалардың тұлғалық, зияткерлік қасиеттерін дамытуда оқыту мен дамытудың арақатынасы жөнінде мәселені зерттеуші ғалымдар түрлі тәсілдермен іздестіреді. Оқытудың дамытушылық қызметін Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдов оқытудың мазмұнын өзгертуден іздестіру керек деп есептесе, Н.А.Менчинская, Е.А.Кабанова-Миллер білімді, іскерлікті және дағдыны меңгертудің тиімділігін ақыл-ой іс-әрекеттерінің тәсілдерін жетілдірудің көмегімен арттыруға болады деп есептеді [2].
Балалар психологиясын зерттеген А.А.Люблинская оқытудың түрлі әдістерін жетілдіру арқылы оқытудың дамытушылық қызметін арттыруға ерекше мән береді. Ал Л.В.Занков оқытудың дамытушылық әдістеріне ең бірінші, оқыту үдерістің өзін жетілдіру арқылы қол жеткізуге болады деп тұжырымдайды. Т.В.Кудрявцев, А.М.Матюшкин оқытудың дамытушылық әсері педагогикалық әрекеттер мазмұнында проблемалы оқытудың ролін арттырғанда ғана жүзеге асады деп есептейді [3].
Демек, осы зерттеуші ғалымдардың пікіріне сүйеніп, анықтағанымыз, мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру барысында оқытудың дамытушылық қызметін жүзеге асыру баланың қажеттіліктерін қанағаттандырумен, таным немесе психикалық үдерістерін қалыптастырумен өзара тығыз байланыста жүргізілетініне көзіміз жетті. Олай болса, мектепке дейінгі баланы оқытудың дамытушылық қызметі өзінің мақсатымен, қызығушылығымен және орындалу тәсілдерімен ерекшеленеді. Балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптас-тыру оқытудың дамытушылық қызметінің мазмұнына, ұйымдастыру әдістеріне және мотивтеріне тікелей байланысты.
Мектепалды даярлықта балалардың ой-өрісін, логикасын, тілін дамытуда, белгілі бір затты қабылдауын, есте сақтауын, оны қайта жаңғыртып көзге елестетуін, дүниетанымын дамытуда қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудың маңызы ерекше. Балаларда бар түсініктер өздігінен ұғымдарға айнала алмайды. Ұғымдарды және оларды қолдануға негізделген ойлаудың логикалық формаларын балалар ғылыми білімдерге негіздеу барысында меңгереді. Демек, мектепке дейінгі балалардың ақыл-ой қызметінің дамуы, логикалық ойлаудың дамуы қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру барысында жүзеге асырылады.
Балаларды мектепке дайындауда математиканы оқыту тек сандық және кеңістік, уақыт жайлы түсінік қалыптастырып қана қоймайды, сонымен бірге олардың ойлау үдерісін дамытуға (анализ, синтез, индукция, дедукция) ықпал етеді. Арнайы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде баланың танымдық қызығушылығымен бірге жалпы даму қамтамасыз етіледі, яғни оқытудың дамытушылық қызметі жүзеге асырылып, баланың тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік ашылады.
А.М.Леушинаның еңбегінде мектепалды даярлықта балаларды қарапайым математикалық ұғымдармен таныстыруда мынадай міндеттер орындалуы тиіс деп көрсетеді:
- балаларды кеңістікті бағдарлай білуге, санды біліп, сол арқылы затты санауға, салыстырмалы заттардың қасиеттерін, көлемін, пішінін салыстыруға үйрету, кеңістік, көлем және уақыт жайында алғашқы түсініктер қалыптастыру;
- геометриялық пішіндермен таныстыру, арифметикалық белгілерді игеріп, оны күнделікті іс-әрекетте қолдана білуге дағдыландыру;
- ауызша қарапайым есептер шығара алуға дағдыландыру [4].
Бұған қоса, мектепалды даярлықтың педагогикалық ұстанымдарына сәйкес балаларға қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру барысында оқытудың дамытушылық қызметіндегі бірқатар талаптар мен шарттар орындалуы қажет.
Біріншіден, дамытушы орта қажет, ол үшін мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен құндылықтарын сақтай отырып, қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру барысында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті балалардың танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталуы шарт. Балалардың танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу үрдісі болып саналады. Ойлауға үйрететін сабақтар дамыта оқыту сабақтары деп есептеледі. Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасайды. Педагог бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
Екіншіден, соңғы жылдары бастауыш сынып пен балабақша арасындағы сабақтастық мәселесі жиі айтылып жүр. Бастауыш сыныпта математиканы оқытудағы қазіргі психологиялық зерттеулер балалар бақшасында да, метепалды даярлықта да математикалық дайындықтың мазмұнын қайта қарауды талап етіп отыр. Бұған дейін көбінесе баланың психологиялық даму мүмкіншілігін ескермегендіктен, қолданылып жүрген көптеген әдіс-тәсілдердің ұтымдылығы аз екені байқалап отыр. Бір ғана заттарды, көрнекіліктерді пайдалану арқылы қарапайым қосу мен азайтуды меңгерумен шектелсе, онда баланы алғашқы математикалық түсінігі кеңімейтіндігі дәлелденген. Олай болса, бұл жерде де біздің зерттеуімізде қарастырылып отырған оқытудың дамытушылық қызметі ескерілмеген деуге болады.
Үшіншіден, қазіргі таңда білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – білім беру, тәрбиелеу, дамыту арқылы жеке тұлға қалыптастыру. Бұл мақсаттар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болады. Олай болса, мектепалды даярлықта балалардың қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру барысында баланы жеке тұлға етіп тәрбиелеу, өмірге дайындау мақсатында білім берудің дамытушылық қызметі жүзеге асырылуы қажет.
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру барысында балалардың мотивтік, эмоциялық, танымдық қызметін дамыту мәселесі И.В.Дубринаның [5], Е.И.Кравцованың [6], В.С.Мухинаның [7], Д.Б.Элькониннің [8], т.б. еңбектерінде қарастырылған. Оның ішінде Е.Тихееваның «Счет в жизни маленьких детей» [9], Д.Л.Волковскийдің "Детский мир в числах» [10], А.М. Леушинаның "Обучение счёту в детском саду" [11], Ф.Н.Блехердің [12] еңбектері математикалық түсініктерді қалыптастыруды жетілдіру жайлы жазған ой-тұжырымдары біздің зерттеу жұмысымызға негіз болды. Қазақ мектебі үшін мектепке дейінгі балаларды оқытудың өзіндік әдістемелік жүйесін жасауға Н.Айғабылов [13], Ғ.Нығыметова [14], Б.Дабылова, Г.Қасымова, М.Бапаева [15] және тағы да басқа көптеген қазақ ғалымдарының еңбектерін зерттеу жұмысымызда басшылыққа алдық.
Алайда, жоғарыда аталған ғалымдардың зерттеулерінде мектепалды оқыту жүйесінде балалардың математикалық ұғымдар мен амалдарды игеру жағдайында оқытудың дамытушылық міндетін жүзеге асыру мәселесінің теориялық негіздемесі мен әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуі арнайы проблема ретінде қарастырылмаған. Сонымен қатар ғылыми-педагогикалық зерттеулерге жасалған салыстырмалы талдаулар мектепалды даярлық топта-рындағы білім беру үдерісінде балалардың математикалық ұғымдарды қалыптастыру барысында оқытудың дамытушылық міндетін жүзеге асырудың айқын әдістемелік жүйесі жасалмағандығын көрсетті.
Мектепалды даярлық топтарының кейбір педагог-мұғалімдері тәжірибесінде балалардың тек білім, білік, дағдыларын қалыптастыру міндеттері қарастырылады да, оқытудың дамытушылық қызметіне, яғни баланың жеке тұлға болып қалыптасуына көңіл бөлетінбейтіндігін байқауға болады.
БІРІНШІ БӨЛІМ
Достарыңызбен бөлісу: |