Қр бғМ әдістемелік нұсқау хаты



бет1/10
Дата09.11.2022
өлшемі53,47 Kb.
#157246
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
9- сынып


Түсінік хат
Оқу жоспары, пән туралы түсініктеме. 9-сыныпқа арналған орта мерзімді оқу жоспары «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған. Қазақ тілі мен әдебиеті кіріктірілген пән ретінде қарастырылады. ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген. Жалпыға міндетті білім беру стандартындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта және Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында «Қазақ тілі мен әдебиеті» (5-11 сыныптар) міндетті оқу пәні ретінде оқытылады. Үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар .
«2022-2023 оқу жылында ҚР Жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»
ҚР БҒМ әдістемелік нұсқау хаты.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқыту мақсаты: негізгі орта білім беру деңгейіне арналған .
«Қазақ тілі мен әдебиеті» бағдарламасының мақсаты– оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту, қазақ тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, тіл нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.
Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарларымен (өзгерістер мен толықтырулар 2022 жылғы 26 қаңтардағы №25 бұйрықтармен бекітілген) жүзеге асырылады.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу бағдарламасының негізгі міндеттері:
-шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге, сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру;
- білім деңгейі жоғары, ой-өрісі дамыған тұлға қалыптастыру;
-туындаған мәселелерді шеше білетін, шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеу;
-оқушыларды сөйлесім әрекетінің түрлерін әлеуметтік ортада қолдана білуге үйрету;
-оқушылардың тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту;
-оқушыны қазақ халқының мәдениетімен, әдебиетімен, ұлттық салт-дәстүрімен таныстырып, мәдени ортада пайдалануға баулу, қазақ еліне, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін тәрбиелеу.

Авторлары: Ф.Ш.Оразбаева, Ж.Т.Дәулетбекова, Р.С.Рахметова, А.Қ.Рауандина, Қ.С.Жайлаубаева, Алматы: Көкжиек-Горизонт, 2019 жыл


«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:








Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет