Керегіңді ал білгенінді қос, дейді. Данышпандар дариясының солмайтынын, шынайы шындықтың тозбайтынын паш етіп, ұсынады



бет70/110
Дата06.02.2022
өлшемі392,72 Kb.
#48663
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   110
*«Қырық» саны. Бұл сан да әдет-ғұрып, салт-дәстүр, дін тұрғысында қолданылуы үлкен деңгейде. Мысалы: «қырқына шыдаған соң қырық біріне де шыда» (азға шыдағанда көпке шыдамайсың ба дегенге саяды), «өлген кісінің қырқын беру» (қырық күнге дейін адамның руһы өз мекенін тастап кетуге күдер үзе алмайды, артында қалғандар да ұмыта алмайды дегеной болса керек, Б.Т.), «сәбиді қырқынан шығару» (иәки, қырық қасық су біртіндеп құйылып, су салқындай түседі, бала мұндай ұзақтау шаруаға көндігіп, әрі буын буыны қозғалыс қимылға түсіп, ата-анасы қуанышқа бөленіп, өзіне салмақ болып келген қалың шаш, өлі тырнақтарынан жеңілдейді, рақаттанып,бақыт құшағында ұйықтайды. Түркі елдің біразында көз тиген баланы «қырық ожау» сумен шомылдыру бар екен, немесе ертегілерде «қырық күн ойын, қырық күн тойын жасады» (қуанышты ұзағырақ, молынантойлау, байлығын еселей көрсету мақсаты да бар білем), Ыстамбұл түркілері «қырық күн, қырық түн ойын- сауық жасады»,— дейді, «һанның қырық уәзірі болыпты», «қырық күн жол жүріпті» (ертегілерде), «қырық жілік қылып болды» (иәки соғымды ұсақтап, пәршелеп бөлу, немесе, ағайын арасын бөліп жару, араздастыру, әйелдер ірі қара малға кейіс білдіргенде «әй, қырық жілік болғыр», деп айтады, «қырық сан қара қалмақ» деген бар (ру санын, немесе жау санын көбейте айту) сан мөлшерін болжамдау, әртүрлі рудан тұратын ауылды «қырық рудан құралған» дейді, «қырық күн қырғын болса да, ажалды өледі» деп, қазақ жауынгер батырлықтан да мақал шығарған, аяқ қолы жерге тимейтін қыдырымпаз кісіні «қырық қазанның құлағын тістеді»,— дейді, жат біреуден туған баланы «қырық темірдің қылауынан»,- дейді екен. Бұл сөз жер жерден жиылған елге де айтылады екен, иаки әр тумадан деген мәнде (қылауы деп, тіл асты қан тамыры да айтылады, жаңа туған бұзаудың тіл астындағы қылауын үзу де бар). «Қырық шілтен», шілтен фарсы сөзі, көзге көрінбейтін,мақұлық адамдар арасында көзге көрініп жүретін, ірі алып мақұлық мағынасын білдіреді.
Қазақ неге қырық санын қадірлейді?
«Қырықтың бірі қыдыр» немесе қырық күнге толған сәбиге анасы өзі жаңа көйлек кигізіп, «қырық көйлек» деп, шелпек пісіріп, қырық балаға таратып, кейуана баланың үстіне ағаш қасықпен қырық қасық су құю ырымы бар. Ыстамбұл түркілері қырық санымен ақшалай қайыр садақа береді екен, яғни, «қорқыныш қауіп болмасын»,- деген тілеумен. Сол сияқты ертегілерде «бойы бір тұтам, сақалы қырық тұтам (немесе сақалы қырық құлаш)», «тазша баланың қырық өтірігі» дегендер бар. Қырықпен байланысты мақал-мәтелдер, нақыл сөз, басқа сөз айналымы (оборот) бұл санның да жай емес, киелі сан (болғандығын) екендігін толық, анық көрсетеді. «Қырық күн шілде» жаздың аспан айналып жерге түсер аптап ыстық үш айы қырықпен біте қоймайтынын аңғартса керек. Қырықтың айырықша бір өлшемі «жақсы ата (әке) жаман балаға қырық жыл азық», «қырық жамау» (құрау, тозығы жеткен, ескі), «қыз қырық жанды» (шыдамды, сабырлы), «қырық пышақ болу» (араздасу, қызыл өңеш болып төбелесу), «әйелдің қырық айласы бар» (ақылы көп), «қызға қырық үйден тыйым» (тәртіпте ұстау), «қырықтың бірі қыдыр» (біреудің батасының қабыл болуы), «қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ» (қыңырлық, қисықтық, қателігін мойындамау,қателігін мойындату), «қырықтың қырқасында» (жас мөлшерін тұспалдау), «отызында орда бұзбаған, қырқында қамал алмайды» (ештеңеге шамасы болмауы). Байқасақ, қырық көп жағдайда «көп» деген ұғымды беретіндей (қырық ру, қырық жілік, қырық қыз, т.б.) жанамалап айтылады.
Әңгімеміздің жалпы түйіні бұл сөздердің және осыған тетелес басқа да «киелі» сандардың әр тілдерде атқаратын негізде жатыр. Біз де осы жөнін сөз етуге тырыстық.
Иаки, тілдегі «үш», «жеті», «тоғыз», «қырық» сандарымен байланыста дәлелдемелерді қорыта келе мынандай пікірге тоқталдық.

  1. Түркі және басқа да көп қалықтарда «жеті» саны айырықша орында болып, идеологияның бір саласы тілге терең тамырын жіберген, арнаулы, «киелі», қасиетті болған.

  2. Қазақ және кейбір түркі жүйелі тілдерде «жеті» сөзінін тариһи төркіні ерен өзгеше, мәселен: -ау,-еу - форма, тек, жетіге шейін қосылып (жетеу) айтылады, бұл қасиет кездейсоқ нәрсе емес, ал біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу сөйлем ішінде осы тұлғада тұрып қолданылмайды (жетеу бала, екеу теңге болмайды). «Жетінің» бұл құбылыстары,сол санның «киелілігіне» дәлел болса керек.

  3. «Үш», «жеті», «тоғыз», «қырық» сандары да тілде киелі қолданыс табады.

Бұл сөздер бір тілдің екінші тілмен байланысып, біріне бірі әсер етіп, өзара ұласа жарасатынын аңғартады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет