Ал сіз Абсентпен қалай таныстыңыз? Абсент Ашһабад (ипподром) бәйгі алаңында алғаш рет өнер көрсеткенде үш-ақ жаста болатын, әрі ол орташа ғана көрсеткіштер көрсетті. Сол жылы оны Алматыдағы Республикалық ат спорты мектебіне ауыстырдық. Бұл 1956 жылы болатын. Мұнда оны өте білгір жаттықтарушы Кәрім Әсенов өз қарауына алды. Ол менің де алғашқы ұстазым, жаттықтырушым болды, мен атқа міну сабақтарын Абсентке отырып барып алдым.
Кейін мен Абсентпен Луговой ат зауытының жылқы бөлімінің бастығы болғанда жолықтым. Біз Абсент біздің зауытта деп есептелгенмен, оны Мәскеуден қайтармай қоюлары мүмкін деп қауіптендік, оған орай мен 1969 жылы Мәскеуге арнайы барып, Буденныйға дейін жеттім. Егер ол көмектеспегенде біз Абсенттен бір жола айрылатын едік. Жалпы Буденный Қазақстанға ерекше сезіммен қарайтын. 1973 жыл мен маршалды жерлеуге қатысға) барғанымда, оның ұлы бізге ескерткіш ретінде Семен Михайловичтің парадтарды қабылдағанда отыратын әдемі ағылшын ерін сыйға тартты. Ал ердің тоқымын 1962 жылы маған Семен Михайловичтің өзі сыйлады, мен оны әлі күнге дейін сақтап келемін, онымен парадтарға шығамын. Ол сонда кезінде Врангельден тартып алған қылышты көрсетті, өте әдемі, әрі ауыр дүние. Алтынмен, құнды тастармен зерлеп тастаған! Айтпақшы, Врангель кезінде ат туралы, ең толық еңбек жазған- ол бес томнан тұрады, «Жылқы туралы кітап» деп аталады.Ол Мәскеуде Ленин атындағы кітапханада сақталған. Мен ол кітаптарды оқуға рұқсат алу үшін 20 жылдық партиялық жұмыс стажы бар қамқоршыны іздеп табуға тура келді. Бірақ
мен әңгіме тақырыбынан ауыңқырап кеттім-ау деймін...