-Бірақ бұдан кейін Абсенттің жұлдызды жолы неге болмаған? -Сергей Филатов 1964 жылы Абсенттпен Токиодағы Олимпиадада өнер көрсеткенде, тек үшінші орынды ғана иемденген. Ол өзіне тым сеніп, сан қилы қателіктер жіберген, осыны сезген Абсенттің тілін де алмаған. Бұл спортшы осындай жолсыздықтары үшін кейін мұндай дәрежедегі жарыстарға жіберілмейтін болды.
Үшінші рет Абсент Мехикодағы Олимпиадалық ойындарға енді Иван Калитаның ертоқымы астында қатысты. Адамдар сияқты әрбір жылқыда да өзіндік абыройы, «Мен»,- деген мінез болады. Сергей Филатов өзін ат танығанша ұзақ жол жүрді, ал Калита өйте алмады, соның нәтижесі болар, аяғында 4-ші ғана орынға қолы әрең жетті.
Бірақ соған қарамастан, ат спортының Халықаралық Федерациясы Абсентті әлемнің ең үздік, әрі жігерлі, спорттың аты деп таныды. Үш Олимпиаданың салмағын көтеру әрі он екі жыл бойына үздіксіз жаттығу кез келген аттың қолынан келе бермейді.