-Абсентке қайта оралайық. Ғасыр жылқысынан көп тұқым алынды ма? -Алты жылда — 60 құлын алынды. Лайықты тұқым алумен көп айналыстық, әрі оны арман еттік.
-Ал аттар қаидай өлшемдер (критерийлер) бойынша таңдап алынады? -Жылқыларға тұқымдық тұрғыдан баға беру бонитировка арқылы жүргізіледі. Бонитировка-ауыл шаруашылығы малдарына тұқымдық және шаруашылыққа пайдасы жағынан сыртқы белгілері мен өнімділігін, тегі мен еңбегіне, тұқым са-
пасына, т.б. белгілеріне қарай баға беріп, іріктеу деген сөз. Бұл күрделі кешенді баға беру, оған шығу тегі, түр -сыйпат, сыртқы бейнесі, жұмысқа икемділігі, мен көнімділігі, тұқымның сапасы және басқа да көрсеткіштер кіреді. Абсенгке «қалыңдықтар»таңдағанда осындай параметрлерді (бағамдарды) пайдаландық.
Тек сондай жеңіл де әсем қозғалыстарды және түр — сыйпатты сақтау үшін біз инбридингті - алыстан туыстық жақындастыру тәсілін қолдандық. Таза қанды мініс аттары, аһалтеке сияқты жылқы тұқымдары тура инбридинг жолымен алынған. Біз ғажайып аттарды осылайша алдық, олардың ішінде мен өте жақсы көрген Алагир, кейін Одақ чемтпионы болған Агдам, Ақын, Ақбұлақ және Абақан сияқты жылқылар бар, Қазақ КСР- на еңбегі сіңген жаттықтырушы Иван Квасов дайындаған Абаканды бертін келе көркем жүрістен Олимпиадалық ойындар чемпионы болған Елена Петушкова мінді, ол ат өте жоғары көрсеткіштер көрсетті.