-Алагир сіздердің үміттеріңізді ақтады ма? -Бізге ондағы Абсенттің спорттық мүмкіншіліктерін тианақтау қажет болды. Көпшілік бұған сенбеді де. Бізді демеген Гомаровскийге, Брежневке, Финькога рахмет. Бірақ еліміздің жылқы шаруашылығы үшін өте қолайсыз кезең туды. Қайта құру кезінде жылқы шаруашылықтарының берекесі әбден кетті. Жекешелендірудің нәтижесіиде кеңес спортында шоқтығы биік тұрған асыл тұкымды аттардың барлық үрім - бұтақтары жеке қолға көшті. Атышулы жүйріктердің кейбір тұқымдары Ресейге сатылды, өзгелері - жеке зауыттарды толықтырды. Асыл тұқымды жылқы өсіру - өте күрделі жұмыс. Бір өкініштісі, қазір бұл іспен бизнес үшін ғана айналысады. Оның үстіне бұл тұрғыда атты сүймейтін кездейсоқ адамдар килігеді. Ал кезінде ат зауыттары, әр маманды бірнеше ай бойы талмастан таңдайтын. Иә ... Сөйтіп, Ағдам мен Аюдаг осылайша сатылды, әйгеуір, Алагирді шетелге сатудан қорғап қалдық. Оны Лушвой жылқы зауытына алып кетті. Одан 70-ке жуық құлын алынды. Кезіндегі Ақишан, Абсент тармағын Алагир жалғастырды, ал бүгінде бұл істі олардың балалары ілгерілетуде. Алагир тұқым сақталуы үшін құтқарылып алынды.
-Жаңа бірде сіз аттармен маһаббатсыз айналысуға болмайды дедіңіз... Ал өзіңіз жылқы сіздің басты құмарыңыз екенін қашан ұғындыңыз?
-Жұбайым әлі күнге дейін жылқылардан қызғанады, бәрінен бұрын сенің көкейіңде солар тұрады, - дейді.
Мен ес білгелі, алты жасымнан бері қарай аттармен айналыса бастадым. Алматыда, кейін партия мектебі өсіп шыққан жердегі 14-ші кавалериялық полк бұған үлкен әсер етті.
Балақайлардың баршасы жаз бойына сол полктан шықпайтын. Біз тачанкаларға мініп атты әскерлермен бірге парадтарға да баратынбыз. Әйтеуір ол кезде әскери басшылар да, ат мінген жауынгерлер де балаларға аса мейіріммен қарайтын.
Мен 9-сыныптан бастап енді ипподромда жоғалып кететінді шығардым. Институітың екінші курсында ат спорты бойынша бірінші разрядтың, үшіншісінде -спорт шеберінің нормативтерін орындадым. Зооветеринарлық институтты тәмамдағаннан кейін Ресейдің жылқы зауыттарында тәжірибе жинақтадым. Мен болсам, зауытқа тіптен бала шағымда келдім ғой. Ал ондағылар — өңкей қасқа мен жайсаң, майдангерлер, директоры — генерал! Сөйтсем, ол үш жыл бойына менің ипподромда көрсеткен өнерлерімді бағдарлап отырыпты. Кейін ол институтқа өтініш жіберіп, мені өзінің қарауына жіберуді сұрапты. Келісімен мені жылқы шаруашылығының бастығы етіп тағайындады, ал бұл-директордан кейінгі лауазымы жоғары екінші қызмет.
Олардың ақыл—деңгейін сыйпаттайтын нақты мысал келтіре аласыз ба?
-Мен Луговойда еңбек еткен кезде менде торы және сұр Гарус пен Габарит деген қос сүр аһалтеке ат болды. Барлық үш бөлімшені айналып аралап келу үшін күніне кемінде 70-80 шақырым жол жүру керек болатын. Сонда аттың күндік нор- масы — алты келі сұлыны дорбаға салып жүретінмін. Көбіне бастың астына ер тоқым, үстіме плащ бүркеп қонып қалуға тура келетін. Таңертең оянғанда — төбеңнен аттың қарнын көресің, күзетіп тұрған,- деген сөз. Мен атты тізгіңдеген емеспін, ол соңымнан ерген күйі жүре беретін. Атбегілер мен жаттықтырушьшар мені бұл тұрғыда жиі қалжақтайтын. Сөйлесуге тоқтағанда, Габарит барсайшы неге тұрсың деген- дей сыңай білдіретін. Бірде жалақы алған күні - олар ат ылғи сенімен бірге жүреді, ал кеңсеге кірмейді, бәс тігісейік! - деместері бар ма! Жас та қызу кезім ғой, бәс тігістік
-Не нәрсеге бәстестіңіздер?
-Олардың өлшемі біреу-ақ - бір жәшіқ арақ, ал ол дегеніңіз менің жалақымның жартысы.
Табалдырықтармен көтеріліп келем - олар он бір болатын. Габарит менің артымда келе жатты. Кабинетті тұяғымен тықылдатты, бірақ айнала алмады, бөлме кішкентай ғой. Мен сонсоң оны шегіншектетіп отырып төмен түсірдім де, үйге алып кеттім. Шамалы уақыттан кейін директордың хатшы қызы Катя: «Борис Васильевич, директорға жүріңіз» деп жүгіріп келді.
Кабинетке кірсем, онда бірталай халық - бас инженер, агроном, прораб отыр. Директор олардың барлығын сыртқа шығарды да, маған: «Сен не істеп жүрсің? Атты кеңсеге кіргізіп, есіңнен ауысқансын ба?»
-«Жоқ, құр бәстестім».
-«Кіммен?»
-«Жаттықтырушылармен».
-«Ал, сонсоң?»
-«Қалай дері бар. Міне, сізге шақырды ғой...». «Міне, жігіт, шалдарды бір қатырған екенсің! Оларға атты қалай сүю және аттың адамды қалай сүю керектігін көрсетіпсің».
Вениамин Вениаминович Иванов жарқын жүзді, кең қолтық адам болатын. Буденныйдың үлкен досы еді. Бір жағдай болса, оған «Семка!» деп, телефон соғып, әңгіме -дүкен құрып жататын.
-Ал сонсоң Габаритке не болды?
-Қиын жағдай туындады. Мені ауыл шаруашылығы министірлігіне шақырғанда Габарит су ішігі, жем жеуді таза доғарады, жабырқап, тазақамығып қалды. Бұл жайы директорға қабарламаған, мен де ештеңе естімедім. Ғажап, маған шын берілген сәйгүлік болып шықты. Мен де, сонымен бірге Скафандр да болды. Маған оның су, жемнен бас тартқанын айтты. Мен «Панфилов» совозының директоры, досым Сазоновқа өтініш айтып, оны өз қарауына алуды өтіндім де, әр жексенбі сайын барып тұрдым. Жарықтық менің дыбысымды естісімен кісіней бастайтын.
Сонсоң Алмаз деген ат болды. Оны Димаш Ахмет ұлы Хрущевке сыйғатартты. Бұл атты біз Кәрім Әсенов екеуміз тәрбиелеп едік. Практикаға барып келсем ат жоқ, сыйлап қойыпты. Арада екі жылдай уақыт өткеннен кейін біз Буденныйға өтініш жасадық: зауыдқа Кирсақара тарамы бойынша туған Дагдан деген айғырды беруін өтіндік - алдыңда оны түркмендердің Хрущевке сыйға тартқанын естігенбіз. Директор осы айғырды тезірек бізге жөнелту үшін мені жылдам Мәскеуге іссапарға жіберді.Келсем, Хрущев Еуропаға кетіп қалыпты. Мәскеу түбіндегі,1-ші Мәскеу жылқы зауытының қасыңдағы Перхушково деген мекендегі үкмет ат қорасына соқтым. Шаруашылықта Никита Сергеевичке тарту ретінде берілген 80 ат ұсталатын. Кенет өзіме таныс кісінесті естідім - Алмаздың тура өзі! Ол да мені дауысымнан жаңылмай таныды. Мен киім ауыстырып қайта киіндім де,
Алмазға мініп аулаға шықтым. Шамалы уақьптан соң қайдағы бір жылқы жығушыларға ұксас әлдекімдер келді, ал қастарында еңсегей бойлы сұлу еркек, аласа бойлы әйел мен кішкентай топ-толық бала бар. Хрущевтің күйеу баласы Аджубей екен! Мен тура суық - суды төбемнен төгіп өткендей болдым. Еркек әйеліне:«Міне, Рада, сен де атқа осылай мініп жүруің керек»,- деді.
- Сіз отандық жылқы шаруашылығындағы барлық ғылыми жұмысты жинақтайтын тұрғыдағы кітаптың авторысыз. Министрлікте де сол саланың ілгерідегі жоспарлануымен айналыстыңыз. Неге қолымыз жетті, нені сақтай және дамыта алдыңыз?
-Қазақ жылқысын таза тұқымды тарату арқылы жақсартуға деген талпыныс сонау революңияға дейін-ақ жасалған болатын.Патша армиясында 14 миллион ат болған. Жыл сайын мұндай мал басын жаңартып, армияны жаңа жылқымен толықтырып отыру үшін қанша күш-жігер керек екендігін көз алдына елестете беріңіз. Сөндықтан, осы мақсатпен Әулие- Атада (Тараз),Перовскіде (Қызылорда) және Қостанайда мемлекеттік жылқы ұйымдастырылды. Патша үкіметі ірі атбегілерге, жылқылы байларға айғырларды тегін таратты. Олардың ішінде қалмақ, дон жылқылары, тіпті таза қанды ағылшын айғырлары да болған. Олар табындарға жіберіліп, тұқымды жақсартуға ат салысқан. Осылайша, кейін кеңес зауытшылары мақтан еткен атақты Қостанай жылқысы тұқымының негізі осылай қаланған. Олай болса, тұқым жақсарту жұмысы Қазақстанда жоқтан бастау алған жоқ, ол 2-3 ұрпақ тұқымы бойында тамаша нәтижелерге қол жеткізді. Енді кеңес кезінде селекционерлер қазақ атының мықтылығы мен көнбістігіне жоғары баға берді, осы жолда ондаған табындық - жөндеу жылқы зауыттары құрылды. Қазақстандық атбегілер жергілікті қазақ жылқысын оған дондық, орловтық, орыстың жүйрік аты, мінетін аты дейтін жылқылардың қанын араластыру арқылы жақсартуды қолға алды. Екі - үш тұқым араласқан Дегерес жылқы зауыты осылай жұмыс істеді. Олар Кеңес Армиясының ат бөлімдерін жөндеуге жіберілді. Батыс Қазақстанда, республиқаның оңтүстігі мен оңтүстік - шығысында құрылған жылқы зауыттары да осы іспен айналысты. Бірде, Дегересте тәжірибе кезінде жылқылар бір сөткеде - 311,6 шақырым жер жүріп етті, бұл 1949 жылы дүниежүзілік көрсеткіш - рекорд болатын. Кейін Ақтөбеде, 1978 жылы осы рекордты қайталап көрмек болғандар табылды. Сонда не болды дейсіз ғой?
Үш тұқымды жылқылар - дондықтар, аһалтеке және қазақ жылқысының қаны құйылуы есебінен алынғандар 12 сағат ішінде 184,6 шақырым жерді жүріп өтті. Әттең ауа райы жүрісті одан әрі жалғастыруга мүмкіндік бермеді.
Кейін 49-шы жылқы зауыты аталған, бұрынғы Әулие - Ата түбіндегі «Клеменко» жылқы зауытында да ауқымды тұқым жетілдіру жұмысы жүргізілді. Онда 15 жылдан астам директор болып кейін ипподром директоры болған Александр Александрович Братчиков қызмет етті. Ол аһалтеке жылқысының тұқымын жетілдіруге көп еңбек сіңірді. Абсент тура соның кезінде алынған болатын - Братчиков Араб үшін жатырды өзі таңдады.
-Кеңес уақытында басталған тұқым жетілдіру жұмысы бүгінде жалғасын тапты ма?
-Мен жоғарыда айтқанымдай, 90-шы жылдары көптеген жылқылар тарап кетті, бірақ Шығыс Қазақстанның шаруашылықтарының бірінде бұл жұмыс жалғасуда. Жақында өзімнің байырғы досымды, Бошай Кітапбаевты көруге Катон - Қарағай ауданына бармақшымын. Жылқышының ұлы, Ұлы Отан соғысының мүгедегі Бошекең 20 жылдан астам Болъшенарым ауданының Ленин атындағы колхозын басқарды, онда тұқымы сүтті және еттік сиыр шаруашылығымен, қой өсірумен, егінмен айналысты. Ғажайып адам - Социалистік Еңбек Ері. Өз шаруашылығында Қазақстанның дистанциялық бәйгісінен, 25 шақырымдық бәйгісінен үш чемпион тәрбиелеп шығарды. Бірақ оның жылқы шаруашылығында басты еңбегі — оның өз колхозындағы жылқының тұқымдық көзін сақтай, әрі кеңес кезінде шекаралық әскер үшін атты әскерлерге қажетті жылқы зауыты жасалып жатқан Жданов атындағы колхоздың бар жылқысын шашыратпай жинап алғандығы.
Жұмыс десе жанып тұратын жігіттер, еңбек ететін жаңа шаруашылықтардың пайда болуы қуантады.
Олар білімге ұмтылады, олармен әріптес болган өте қызықты. Мен де Ақтөбе мемлекеітік ауыл шаруашылығы тәжірибелік стансасының аға ғылыми қызметкері санатында еңбек жолымды жалғастырып жатырмын. Бөлім бастығы Серік Рзабаевпен бірге мұғажар тұқымының таралу аймағын кеңейту жолында. жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бұл ғажагі тұқым — қазіргі заман аттарының, тек, Қазақстанда, Қырғызстанда, Якутияда және Моңғолияда сақталған жылқылар тұқымының ішіндегі ең көнесі болып келеді. Мен бұл тұқымды құрмет тұтатындарды таптым және Алматы түбіндегі, сонсоң Жаркенттегі шаруашылықтарға 250 басын сатып алып, апардық.
Мұғажарлық жылқылар әмбебап — жегуге де, мінуге де ыңғайлы, әрине, олар орловтық жүйріктерден және басқа таза қанды тұқымдардан жүйріктігі, түр - сымбаты жағынан төмендеу шығар, бірақ көнбістікке келгенде оларға ілестірмей- ді. Олар жыл бойына табында жүріп тебіннен күн көре алады, осы жағынан бұл тұқым өсіруге оңтайлы да әрі арзан деп есептеледі. Бұл ертедегі қазақтар дәстүрінен алынған әдіс.
Жаркенттегі тұқымдық жұмысты спорттың ұлттық та классикалық түрлерін дамытумен ұштастыра отырып жүргізбек ойымыз бар. «Классиктер» үшін таза қанды мінгі аттарды, аһалтекелер мен дондықтарды, ал қазақ аттарының бұл тұқымдармен араласқандарын бәйгі, көкпар және т.б. қажеттерге пайдалану үшін өсіріп жатырмыз.
-Қазіргі жылқы шаруашылығында болашақ бар ма?
-Тап басып айтуға жүрексінемін. Бірақ Серік Рзабаевтың екі ұлы өсті, екеуі де ветеринарлық факультетті бітіріп жылқылармен айналысып жатыр. Мұндай адамдардың көмегімен біз жылқы шаруашылығын тың белеске көтереміз. Бірақ бар қиындық мынада - қазір селекция - тұқым жақсарту жұмысы жеке адамдардың қолына шоғырлашан, белгілібір жүйе қалыптастырылмаған. Әркім өзі нені қажетсінсе, сонымен айналысады. Ал, сайып келгенді, тұқым тазалығын қадағалап, түрлі тұқымдарға тиісті ғылыми тексерістер жүргізіп отыру керек қой. Ал тәжірибе бұл тұрғыда баршылық. Мен кезінде әріптестеріммен бірге Қазақстандағы барлық тұқымдарды аһалтекеден күшімге дейін жетілдірудің айшықты жоспарларын жасаған болатынбыз, бұл мәселе арнайы партияның орталық комитеті бюросында талқыланғанды. Ал кәзір мұнымен кім айналысуда? Тұқымдар жоғалып барады - жүйріктер кетті. ал дондықтар да құтқаруды сұрайды. Ал бұл тұқымға жүз жылдан асты емес пе, әлемде мұндай тұқымдар жоқ. Кезінде қостанайлық айғыр Червонец әлемдік рекорд орнатты - 100 шақырымды төрт сағат, 1 лездеме (минөт) және 1 қасқағымда (секонтте) жүріп өтті. Бұл рекорд әлі күнге дейін жаңартылған жоқ. Әуесқойлықты доғарып, кәсібилік дәреже-әрекетке ауысатын кез жетіп бақты. Осындай үлкен дәрежелі, асыл тұқымды жылқылар ұлттық намыс биігі, кірістің таусылмас көзі және ұлттық мақтанышымыздың жалауына айналса екен, деген тілекпен,үміттеміз!