Жылқы түлігінде кездесетін аурулар мен қалық арасында оны емдеу әдістері. Талақ. Жылқының көк бауыры өседі.
Емдеу әдісі, Белдеменің қанатынан үш елі тастап, арнаулы бізді сұғады.
Мішаяқ. Жылқы төрт аяқтап аунай береді. Алқым безі еседі.
Емдеу әдісі.Іскен безді сығып, қанын ағызады.
Сайыткелді. Ат зорығып шаршап, денесі суымай жылы су ішкеннен болады. Жылқының танауының екі жақ шеміршегі өседі.
Емдеу әдісі. Өскен шеміршекті пышақпен кесіп, қырнап алып, тастайды. Қан шығарады.
Жүні түскен қотыр. Жылқының түрі-түсі қашып, жүдеп, арып, қотырланады.
Емдеу әдісі. Жылқының екі құйымшағынан екі буын тастап, қан алады. Көздің алдынан, өкшеден де алуға болады.
Құрт ауру. Қазақта жылқы құрт ауруы болмайды деген сөз бар. Алайда, жылқының қүрт ауруының асқынған түрі болады-мыс.
Емдеу әдісі.Белдеменің арты, жамбас қосындысына терісін тіліп, қойдың құмалағындай тотияиын қыстырады.