Ноғала.Жылқының козіне перде шеміршек, шел өседі.
Емдеу әдісі.Инеге жіп сабақтап алып, шеміршекті өктей тартып, кесіп алып тастайды.
Жүген ауру. Жылқы күншығысқа қарап, құйрығын тарап, тынышсызданады.
Емдеу әдісі. Жылқының басын жүгенге ұқсастырып, қарып күйдіреді. Белгі салып ырымдайды.
Ішектің ақ құрты.Жылқының жігері кетіп, ариды.
Емдеу әдісі. Қымыздың тұнбасын, тотияиынның ерітіндісіне қосып, жылқының танауына құяды.
Ити. Көбіне жаңатуған құлын семіп, итиіп, тілінжалақтатып,енесіне ере алмайды. Мұндай құлындар әсіресе, «қулық»биелерден туады.
Емдеу әдісі. Қасқырдың қара бауырын қайнатып ішкізеді.