Кәрібаев Ерғали Серғалиұлы 1962 жылы 1-ші наурызда дүниеге келген.
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы Ы. Жақаев ауылы
№149 «Қызылту» орта мектебінде дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі.
Жоғары білімді. Еңбек өтілі 34 жыл ІІ санатты
Ы. Жақаев ауылындағы «Қызылту» орта мектебінде қиындығы мен қызығы мол ұстаздық жолында жүріп келеді. Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын оятып, салауатты өмір салтын қалыптастыруына үлес қосу үшін тынымсыз еңбек етуде.
Ашық сабақтары
Тақырыбы: «Дені саудың - жаны сау»
(Оқушылардың күзгі демалыс кезіндегі жеңіл атлетикадан жарысы)
Сыныбы: 8,9
Оқушылар саны: 5+5
Жарыс мақсаты: а)Оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.
б) Күш пен ептіліктің дамуын арттыру. Қимыл қозғалысының жалпы үйлесімділігін жақсарту
в) Оқушыларды достық пен ұйымшылдыққа және инабаттылыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі: жалаушалар, өлшеуіш,керме,гир тасы,жалауша, секіру алаңы, кедергілер
Жарыс шарттары:
Жарыс ереже бойынша ойналады.
Команда ережені сақтамаған жағдайда ойыннан шығарылады.
Әр сыныптан 5 оқушы болуы керек .
Команда толық болмаған жағдайда жарысқа қатыса алмайды.
Оқушылар командалық ұпай жинайды.
Кіріспе
Оқушыларды сапқа тұрғызып, сәлемдесу рәсімі.
Жарыс басталар алдында әділқазылар алқасын сайлап алады.
Оқушыларға әр ойынның шартын жеке түсіндіріп отырады.
Жарыс кезіндегі қауіпсіздік ережесін сақтауды ескертеді.
1. Команда атымен таныстыру
Кермеден тартылу
Күштілікке арналған жарыс (гир тасын көтеру)
4. 100 метр қашықтыққа жүгіру
5. Ұзындыққа секіру
6. Кедергілер арасынан өту (уақыт есебімен)
7. Капитандар сайысы (қол күрес)
Қорытынды
Осы жарыста оқушы тез, тура жүгіру кезінде бар күшін салуға дағдыланады. Ұйымшыл болып, команда үшін жақсы нәтиже көрсетуге тырысады.
Сонымен қатар ойыншының икемділігі мен төзімділік қабілеттері арта түседі.
Барлық жарысқа қатысушы оқушылар сапқа тұрғызылып, сөз жарысты қорытындылау үшін әділ қазыларға беріледі. Әділ қазылар жарыстың бағасын шығарып, ескертулер жасап, көп ұпай жинаған оқушыны марапаттайды.
Жарысқа қатысқан оқушыларға белсене қатысып, қызықты әрі жоғары деңгейде өткізгендері үшін алғыс айтып, оларды саппен шығарып салады.
Сабақ жоспары
26 01. 2017 – 6 а сынып
Cабақтың тақырыбы : Гимнастика. Акробатикалық жаттығулар
Сабақ мақсаты: Білімділік: Акробатикалық жаттығуларды жетілдіру.
Дамыттушылық: Кїштілік,ептілік, иілгіштік қасиеттерін, қимыл қозғалысының жалпы үйлесімділігін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың жігерлік , ұжымшылдық қасиеттерін қалыптастыру.
Қажетті құрал жабдықтар: ысқырық, секундомер, төсеніштер.гимнастикалық орындық, кіші ағаш ат
Өтілетін жері: Спорт зал.
Сабақ
бөлімі
|
Сабақ барысы
|
Уақыты
|
Әдістемелік нұсқаулар
|
Ұйымдастыру –дайындық бөлімі 10 минут
|
Сапқа тұру
Рапорт беру, амандасу
Орнындағы бұрылыстар
Жүру түрлері:
Аяқтың ұшымен жүру
өкшемен жүру
Аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру
Спорттық жүріс
Жүгірудің түрлері:
Кәдімгі жүгіріс
Тізені жоғары көтеріп жүгіру
Балтырды артқа сермеп жүгіру
Аяқтан аяққа секіріп жүгіру
Кібіртіктеп жүгіру (семенящий бег)
Бір орында орындалатын жалпы дамыту жаттығулары:
Керілу жаттығулары
Мойын бұлшық етіне арналған
Қол, иық белдеуінің бұлшық еттеріне арналған жаттығулар
Иілу жаттығулары
Аяқ бұлшық етіне арналған жаттығулар
1 қатарлық сапқа тұру
Сынақтар алу:
Бір ая қпен отырып тұрудан (пистолет)
Бір орыннан ұзындыққа секіруден
|
2 мин
5 мин
3 мин
|
Интервалды сақтау
Наты толық айту
2 санаққа бұрылу
Дистанция сақтау керек
Қолды жоғары көтеру
Қол белде
Қолды алдыға және жанына созу
Адым жиілігін жоғарлатамыз
Дистанция сақтау
Бірқалыпты баяу жылдамдықта
Тізе 90 градусқа көтеріледі
Өкшені жамбасқа тигізу қажет
Ұзаққа және биік секіруге тырысу
Денені толық бос ұстап жүгіру
Үлкен амплитудада орындау
Қолды жоғары көтеріп артқа керілу
Басты оңға , солға айналдыру
Қолды артқа сермеп денені оңға, солға бұру
Тізені бүкпей терең иілу
Отырып – тұру жаттығулары
Интервал сақтау
Оқу көрсеткіштерінің нормативтерімен
10рет
2 рет
|
Негізгі бөлім - 30 минут
|
Сапқа тұру
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Акробатикалық жаттығулар жайлы теориялық мәлімет беру.
«Қарлығаш» жасап, тіктеліп бастапқы қалыпқа келу. «Жүзушінің сөредегі қалпы» тұрысынан жинақталып алға қарай екі рет тоңқалаң асу.
Артқа аударылып түсіп, жауырынға тұру.
Аяқтарды алшақ қойып отырып қолдарды артқа таяну, қолдарды алға соза аяқтарға еңкейіп кеудені тигізу. Шалқая аяқты бүгіп жатқан қалыптан «көпір» жасау. Жартылай шатқа отыру.
Таянып отырған қалыптан қолды сілтей жоғары секіру.
Акробатикалық элементтерден құрылған эстафета
Екі команда жүгіріп келіп аударылып түсу.
Гимнастикалық орындықта қарлығаш бейнесін жасап әрі қарай жүгіріп өту
Кіші ағаш аттан сеіріп өту
|
2 мин
20 мин
8 мин
|
Арақашықтықты сақтап тік тұру
Мұқият тыңдауын қадағалау.
Акробатика түрлі айналу , домалау, секіру жаттығуларынан құралады.
Сонымен қатар денені түрлі статикалық қалыпта ұстап тұра білуге үйретеді .
Спортшыдыан негізінен ептілік пен иілгіштік қасиеттерін қажет етеді.
«Қарлығаш» жаттығуын жасағанда дене мен созған аяғымыз бір сызықтың бойында еденге параллель орналасады,
қолдарды жанымызға созамыз.
Алға және артқа тоңқалаң асқанда денені жинақтап ұстаймыз және инерцияны пайдаланамыз.
Отырған қалыпта алға еңкейгенде аяқтаға кеудені тигізуге тырысамыз.
«Көпір» жасағанда мүмкіндігінше қолдарды аяқтарға жақын қоюға тырысу қажет. Жартылай шатқа отырғанда қолды жанымызға созып , шатты толық төсенішке тигізуге тырысамыз.
Таянып отырған қалыптан денені жазып биікке секіріп, қолды жоғару көтеріп негізгі тұрыспен аяқтаймыз.
Әр жаттығудың бір-біріне кідіріссіз үйлесіміне, орындау тазалығына мән беру қажет.
Ережені бұзбай барлық жылдамдықпен орындау.
|
Қорыт
ынды.
бөлім 5 минут
|
Сапқа тұру,көіл аударту жаттығуы, сабақты қорытындылау,бағалау, үйге тапсырма беру , сыныппен қоштасу
|
5 мин
|
Жаттығу жасау кезінде жіберілген негізгі кемшіліктерге тоқталу, жақсы орындаған оқушыларды атап өту
|
Достарыңызбен бөлісу: |