ПРАКТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР Интернетте берілген материалдар негізінде соңғы уақыттағы танымал көркем
фильмдердің жетістіктерінің себебін талдаңыз. Веб-сайтқа кіріңіз, мысалы Box Office
Guru. Box Office-те жергілікті және халықаралық деңгейде сәтті болып танылған 5
фильмнен тізім жасаңыз. Мүмкіндік болса бұл фильмдердің трейлерлерін немесе
бір фильмді толығымен көріп шығыңыз. Негізгі сюжеттік желіде кім/не басты екенін
сипаттаңыз. Бұл репрезентацияның аудиторияға неге тартымды болуы мүмкіндігін
түсіндіріңіз.
Оқытушыларды тарихи оқиғалардың түрлі нұсқаларын айтуын сұраңыз. Мысалы,
Наполеонның Ресейдегі соғысы: бұл уақытта шығарылған кітаптар, түрлі жанрда
түсірілген бұл тақырыптағы фильмдер; картиналар немесе өзге де өнер туындысы;
кез келген басқа визуальді суреттер – фотосуреттер мен музыкалық видео. Мұражай
немесе мұрағатқа (егер сіздің аймағыңызда бұл тақырып бойынша мұрағат болса)
барып, өзінің бақылау нәтижелері бойынша эссе жазуға материал дайындаңыз.
Өзіңіздің еліңіз тірал кез келген кітап немесе мақала таңдаңыз. Материал сіздің про-
фессионалды қауымдастық, мәдениет немесе нақты оқиға жайлы болуы мүмкін.
Материалда таңдалған тақырыптың түрлі аспектілері қалай берілгенін анықтаңыз.
Осындай репрезентациямен келісесіз бе? Неге? Талқылаңыз.
Интернет, жергілікті газет немесе телевизиядан жарнамалық хабарландырулардың
коллекциясын жинаңыз. Бұл хабарландырулар әйелдер мен ерлерді көрсетсін.
Шағын топтарда талқылау жүргізіңіз: бұл хабарландыруларда ерлермен салыстыр-
ғанда әйелдер қалай бейнеленген? Байқағандарыңызды жазып алыңыз. Репрезен-
тациялардың мүмкін салдарын талқылаңыз. Топ репрезентация бойынша бірдей
көзқараста ма, әлде жоқ па? Неліктен?
«Батырлық жол» туралы мифтен бастау алатын көркем фильмдер түрі бар. Мифтер
белгілі бір мәдениеттің қорқыныш, ұмтылыс және үмітті бейнелейтін бейсаналық
сенімдер жүйесін көрсетеді. Осындай оқиғаларда болашағын білмейтін кейіпкер
«жоғарыдан» бұйрық алып, маңызды бірдеңені іздеуге аттанады. Әдетте кейіпкер
іздеу кезінде бірнеше кезеңнен өтеді: «туу» немесе басы, өзінің тағдырын түсіну, ма-
хаббаты және жауларымен кездесу, дана қарттан кеңес алу және үйге оралу.
●
Бұл формула бойынша құралған фильмдер тізімін құрыңыз. Олардың тартым-
дылығы неде екенін түсіндіріңіз. Кейіпкерді сипаттап, ол қоғамда қаншалықты
ұмтылыс пен жеке құндылығын көрсететінін түсіндіріңіз.
●
Оператордың жұмысы мен дыбыстық және музыкалық сүйемелдеуді қолдануды
сипаттаңыз. Фильдегі нақты сахналардың музыканың өзгеруінен қалай өзгеру
мүмкіндігін түсіндіріңіз.