Кеңсені жабдықтаудың қазіргі заман талаптары


Еңбек кітапшаларын жүргізудің



бет2/4
Дата06.01.2022
өлшемі261,87 Kb.
#109652
1   2   3   4
Байланысты:
еңбек кітапшасын толтыру
Доклад СРО4 Кокенов, 3-kurs-Stom-9.04-Antigipertenzivnye, 3 Кредит ОБӨЖ, Жакслыкова Н.А. задание 5, Техника приготовления гистологических препаратов для световой микроскопии
2.Еңбек кітапшаларын жүргізудің

және сақтаудың тәртібі:

4. Еңбек кітапшасын жұмыс беруші қызметкердің еңбек қызметін растау үшін жүргізеді.

5. Еңбек кітапшасына:

1) қызметкер туралы мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, білімі, кәсібі, мамандығы;

2) жұмысы туралы мәліметтер: жұмысқа қабылдау, өзге жұмысқа ауыстыру, жұмыстан босату;

3) марапаттау және көтермелеу туралы мәліметтер енгізіледі.

Қызметкерге қатысты тәртіптік жазалаулардың қолданылғаны туралы жазбалар еңбек кітапшасына енгізілмейді.

6. Еңбек кітапшасына жазбаларды "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан РеспубликасыныңЗаңына сәйкес жұмыс беруші уәкілеттік берген тұлға жүргізеді.

7. Жеке еңбек шартының жасалған не оның тоқтатылған, бұзылған, басқа жұмысқа ауыстырылған, көтермелеу күні туралы барлық жазбалар жеке еңбек шарты жасалғаннан не оның тоқтатылған, бұзылғаннан, басқа жұмысқа ауыстырылғаннан, көтермелегеннен кейін жұмыс берушінің актісіне сәйкес араб сандарымен (күні мен айы екі таңбалы санмен, жылы толығымен көрсетіледі) жүргізіледі.

8. Қызметкер туралы мәліметтер еңбек кітапшасының бірінші бетінде жазылады және ол ұйымның мөрімен, жұмыс беруші уәкілеттік берген тұлға мен қызметкер расталады.

Қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (қысқартусыз толығымен) және туған күні жеке басын куәландыратын құжаттардың негізінде көрсетіледі.

Білімі, кәсібі және мамандығы (қысқартусыз толығымен) растаушы құжаттардың негізінде көрсетіледі.

9."Жұмысы туралы мәліметтер" атты тарауға мәліметтер төмендегідей тәртіп сақтала отырып жүргізіледі:

1) 1-бағанда жазбаның реттік нөмірі қойылады;

2) 2-бағанда жұмысқа қабылданған күні көрсетіледі;

3) 3-бағанда жұмыс берушінің толық атауы, құрылымдық бөлімшені (цех, бөлім), лауазымы көрсетіле отырып, жұмысы туралы мәліметтер мен жұмысқа қабылдау негізге алынған заңдардың тиісті нормасы көрсетіледі;

4) 4-бағанда жазбаны енгізудің негізі - жұмыс беруші актісінің күні мен нөмірі көрсетіледі.

10. Қызметкер қабылданған жұмыс немесе лауазымның атауы туралы жазбалар ұйымның штат кестесі негізінде жүргізіледі.

11. Қызметкерді бір жұмыс берушіде басқа тұрақты жұмысқа ауыстыру туралы жазба Ереженің 9-тармағындабелгіленген тәртіппен ресімделеді.

12. Егер қызметкер заңды тұлғаның атауы өзгертілсе, ол жөнінде 3-бағанда жеке жолмен тиісті жазба енгізіледі, ал, 4-бағанда атаудың өзгеру негіздемесі көрсетіледі (заңды тұлғаны тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куәліктің күні мен нөмірі).

16. Еңбек кітапшасындағы жұмысқа қабылдау, жеке еңбек шартын бұзу және тоқтату туралы, басқа жұмысқа ауыстыру, сондай-ақ марапаттаулар мен көтермелеулер туралы барлық жазбаларды жұмыс беруші уәкілеттік берген тұлға жұмыс берушінің тиісті актісі шығарылғаннан кейін енгізеді және олар оның мәтініне нақты сәйкес болуы тиіс. Жеке еңбек шартын бұзу және тоқтату кезінде, жазба еңбек кітапшасына жұмыстан босату күнінен кешіктірілмей енгізіледі.

17. Қызметкердің еңбек қызметі туралы дұрыс емес немесе жаңсақ жазба анықталған жағдайда түзетуді тиісті жазбаны енгізген жұмыс беруші жүргізеді.

18. Егер дұрыс емес немесе жаңсақ жазба енгізген заңды тұлға (жұмыс беруші) қайта ұйымдастырылған болса, түзетуді оның құқықтық мұрагері енгізеді.

Жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған жағдайда, сондай-ақ жұмыс беруші - заңды тұлға таратылған жағдайда дұрыс емес немесе жаңсақ жазбаның енгізілу фактісі қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді.

19. Еңбек қызметі туралы түзетілген мәліметтер қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттардағы (ұйымның басшысы (жұмыс беруші) не нотариалды расталған жеке еңбек шарты не жұмысқа қабылдау және босату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме немесе қызметтік тізім (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі) мәліметтерге дәл сәйкес болуы тиіс.

20. Еңбек кітапшасының "Жұмысы туралы мәліметтер", "Марапаттаулар мен көтермелеулер туралы мәліметтер" бөлімдеріндегі бұрын енгізілген дұрыс емес немесе жаңсақ жазбаны сызып тастауға жол берілмейді.

21. Қызметкермен жеке еңбек шарты тоқтатылған не бұзылған кезде, жұмыс берушіде жұмыс істеген уақытында еңбек кітапшасына енгізілген жұмыс, марапаттаулар мен көтермелеулер туралы жазбалардың барлығы жұмыс берушінің мөртаңбасымен және қолымен расталады.

22. Жұмыс беруші қызметкерге жұмыстан босату туралы жазба енгізілген еңбек кітапшасын жұмыстан босатылған күні береді.

23. Қызметкер қайтыс болған жағдайда, еңбек кітапшасы оның туыстарына қолын қойғызып беріледі немесе олардың талап етуі бойынша поштамен жіберіледі.

24. Еңбек кітапшалары еңбек қатынастарының қолданылу кезеңінде жұмыс берушіде сақталады.

 

Қазақстан Республикасы



Еңбек және халықты әлеуметтік

 қорғау Министрі міндетін

 атқарушының

 2005 жылғы 24 наурыздағы

№76-ө бұйрығымен бекітілген



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет