Кешенді емтиханға арналған сұРАҚтар топырақтану топырақ профилі, оның құрылысы және морфологиялық белгілері


Қияр. Мәні. Биологиясы.Жабық және ашық грунтта өсіру технологиясы



бет119/123
Дата08.06.2020
өлшемі208,94 Kb.
#72687
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   123
Байланысты:
гос жауаптаррр

Қияр. Мәні. Биологиясы.Жабық және ашық грунтта өсіру технологиясы

Қияр (лат. Cucumis sativus ) — асқабақ тұқымдасына жататын бір жылдық көкөніс дақылы. Жарық, ылғалды және жылы жерлерде жақсы өседі. Суыққа төзімсіз. Сабағы жатаған не өрмелегіш, бес қырлы, ұзындығы 1,5 м-дей. Жапырағы кезектесіп орналасқан, ұзын сағақты, түкті. Гүлі сары, дара жынысты. Жемісі — қияр. Қиярды үзіп алысымен де, кейін тұздалған күйінде де жеуге болады.[1] Құрамында 95—96% су, 4—5% құрғақ зат, құрғақ зат құрамында 2—25% қант, 1% белок, 0,1% май, 0,7% клетчатка, С, В тобындағы витаминдер, каротин, органикалық қышқылдар, эфир майы бар.

Қияр немесе кәдімгі қияр – Асқабақ (Cucurbitaceae) тұқымдастылардың ішіндегі қияр туыстыларына жататын біржылдық шөптесін өсімдік. Сабағы түкті, мұртшалары арқылы шырмалып өседі, биіктігі 1-2 метрге дейін барады. Жемісі – жеуге жарамды, тұқымы көп, шырынды және түсі жасыл болып келеді. Түріне байланысты көлемі әртүрлі болады. Қияр мәдениетке 6000 жыл бұрын енген. Оның Отаны – Үндістанның тропикалық аймағы және Қытай. Бүгінгі күнге дейін осы аймақтарда қияр табиғи жағдайда өсіріледі.

Қиярдың дұрыс күтімі топырағын қопсыту, арамшөптерін жұлу, жаңа өскен сабақтарын қыстыру және дұрыс суаруда. Ең алғаш топырақ қопсыту жұмыстарын топырақ бетінен сабақтары шыққан соң істей беруге болады. Кейіннен мұны әр 10 күн сайын қайталап тұрады. Қопсыту жұмыстарымен бірге арамшөптерін жұлған абзал. Бірақ тамыр сабағына абай болу керек. Қиярды бірқалыпты, мол суарады. Судың жетіспеушілігі қиярдың тез өсуіне кедергі болады. Қиярды кешке қарай, күн бойы күн астында тұрған сумен суғарған жөн. Бұл қиярдың тамырларының суып кетуіне жол бермейді. Жеміс піскен кезде әрбір 2 апта сайын минералды тыңайтқыштармен тыңайту керек.

Ашық грунт – ерте көктемде, кейде күздігүні суыққа төзімді сәбіз, ақжелек сияқты дақылдар егілетін жер. Ал жылылық ұнататын дақылдардың тұқымы (қияр, асқабақ) көктемдегі суыққа ұрынбас үшін кешірек егіледі. Көшеттік дақылдарды отырғызу мерзімі, олардың суыққа төзімділігіне байланысты: қар кетісімен капуста, тарна, қызылша, баклажан; суық ұру кезеңі аяқталғаннан кейін қияр, асқабақ, кәді көшеттері отырғызылады. Күздігүні жылыжайға отырғызу үшін ашық грунттан қызанақ, ақжелек, пияз; парниктерде жетілдіріп өсіру үшін гүлді капуста алынады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет