8. Қоңыр топырағының генезисі, олардың құрылысы, қасиеттері және жіктелуі
Қоңыр топырақ – жартылай құрғақ, құрғақтау аймақтарға бейімделген ормандар мен бұталар астында түзілетін топырақ типі.
Қоңыр топырақ қабатының қалыңдығы 25 – 45 сантиметр, қарашірік 3 – 4-тен 7 – 9%-ға дейін, қоректік элементтер мөлшері аз, мыс, азот пен Р2О5 қосылыстары 0,1 – 0,2% шамасында. Топырақтың үстіңгі қыртысының түсі 13 – 25 сантиметр тереңдікке дейін қоңыр, ұсақ түйіршікті не тозаңды түйіршікті; топырақта кальций (70 – 80%), магний (15 – 30%) болады.
Топырақ орташа сілтілі рН 7,0 – 7,5, гипс 80 – 12 сантиметр тереңдікте кездеседі. Қарашіріктің орналасуына қарай қоңыр топырақ қара қоңыр, қоңыр, ақшыл қоңыр деп үш топқа, ал механикалық құрамына байланысты сазды, құмды, құмайтты топырақ болып бөлінеді. Қоңыр топырақ дәнді және техникалық дақылдар, бау-бақша егуге пайдаланылады. Қазақстанның солтүстік аймақтарында тараған қара қоңыр топыраққа агротехникалық шаралар жүйелі жүргізілсе, бидайдан мол тұрақты өнім алуға болады. Ал оңтүстік өңірдегі ақшыл қоңыр топырақ сортаңдау болғандықтан шабындық пен жайылымға, Жетісу (Жоңғар), Іле Алатауы алқабындағы жерлер суармалы егіншілікке пайдаланылады.
Қоңыр топырақтар — Қазақстанның құрғақ далалар зонасын алып жататын, қара топырақты жерлердің оңтүстігінде орналасқан, түрі піскен талшын (каштан) сияқты, саздақ және құмдақ қоңыр топырақтар. Онда өсетін өсімдіктердің құнарсыздығына байланысты шірінді заттар аз болады (3%) және тереңдеген сайын кеми береді, азот пен фосфор да аз болады, астыңғы қабаттарында ерігіш тұздар болады. Көбінесе құрамында көмір қышқыл ізбесі болғандықтан қышқыл тисе көпіріп қайнайды. Қоңыр топырақтар құрамындағы құнарлы заттардың мөлшерімен де, құрылымымен де ауыл шаруашылық дақылдарға өте қолайлы жене олардың гумусы көбейген сайын сапалылығы арта түседі.