Кешенді емтиханға арналған сұРАҚтар топырақтану топырақ профилі, оның құрылысы және морфологиялық белгілері


Шабындықтар мен жайылымдарды түбегейлі жақсарту және жайылымдық жерлерді өңдеу



бет102/123
Дата08.06.2020
өлшемі208,94 Kb.
#72687
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   123
Байланысты:
гос жауаптаррр

10.Шабындықтар мен жайылымдарды түбегейлі жақсарту және жайылымдық жерлерді өңдеу.

Қазақстанда табиғи мал азықтық жерлер, барлық жер көлемінің 70% дан астамын алып жатыр. Бірақта осыншама аймақтан алынатын азық көп емес. Оның негізгі себебі шабындықтар мен жайылымның өнімінің төмендігінде. Соңғы ғылыми – өндірістік сараптамалардың мәліметтері бойынша далалық және құрғақ далалық аймақтың шабындықтары мен жайылымдарының әргектардан құрғақ затының өнімі 1,5 – 2,5 ц – ден 5 – 6 ц дейін болған, ал шөлейт және шөл аймақтарда олардың өнімі одан да төмен деңгейде – 0,5 – 1,0 ц – ден 3 – 4 ц /га дейін. Мұндай төмен көрсеткішітердің орын алу себептері: біріншіден – далалық аймақтың шұрайлы жерлері егістікке жыртылып кетіп, мал азығына құнарсыз сортаң және игеруге қолайсыз жерлердің қалуы; екіншіден – көпшілік жайылымдық жерлердің жүйесіз пайдалануына байланысты тозып, өсімдік құрамында мал азықтығына шар шөп түрлерінің көбейіп кетуінде.

Табиғи шабындықтың өнімі төмен болып және шөп құрамындағы бағалы астық тұқымдастарының үлесі 32% - ға жетпесе, ондай жерлерді түбегейлі жақсартады. Түбегейлі жақсартқанда табиғи шым толықтай бұзылып, өңделіп, орнына бағалы көпжылдық шөптер себіліп өнімділігі жоғары жаңа мәдени екпе шабындықтар мен жайылымдар жасалады. Табиғатта кездесетін батпақты және сортаңды жерлер де түбегейлі жақсартылады. Шымды топырақты жерлерді түбегейлі жақсартқанда топырақтың биологиялық белсенділігі айтарлықтай күшейеді, органикалық заттардың шіруі тездетіледі де, өсімдіктермен жеңіл қабылданатын қоректік заттар қоры түзіледі.

Табиғи мал азықтық жерлерді түбегейлі жақсартудың екі әдісі бар. Соның бірі – жеделдетіп жақсарту. Бұл әдіс бойынша ылғалды аудандарда табиғи жерді жыртқаннан кейін немесе бір жылға парға қалдырғаннан кейін келесі жылда бірден көпжылдық шөп себеді. Екінші әдіс – шалғындандыруға жоспарланған жерге алдын – ала, 1 немесе 3 жыл қатарынан біржылдық мал азықтық дақылдар немесе жемдік астық дақылдар өсіріп, содан кейін көп жылдық шөп себеді.Қазақстанның шаруашылықтарында түбегейлі жақсартудың екі әдісі де қолданылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет