Бұрыш. Мәні. Биологиясы. Өсіру технологиясы. (ҚР бір облысы мысалында).
Бұрыш (Сapsіcum) — алқа тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның оңт. облыстарында бір жылдық түрлері өсіріледі. Тропик аймақтарда көп жылдық өсімдік ретінде өседі. Қазақстанда Б-тың 1 түрі — қызыл Б. (С. annuum) бар. Б. — жылу және ылғал сүйгіш өсімдік. Биікт. 30 — 130 см, сабағынан жанама сабақшалар шығады. Жапырағы жұптасып орналасқан, жұмыртқа тәрізді тықыр немесе түкті келеді. Маусым — шілдеде гүлдейді, гүлдері жалқы немесе жұптасқан, түсі ақ сары, күлгін түсті. Б. тұқымынан алынған көшеттерінен өсіріледі. Қазақстанның оңт. ауд-нда Б-тың “астрахандық”, “болгарлық”, “ласточка”, “подарок”, “ротонда”, т.б. сорттары егіледі. Б-ты тамаққа дәм беруге, маринадтауға, консервілеуге және салаттар жасауға пайдаланады. Б-тың аурулары: шірік, вирус, солу. Зиянкестері: жұмыр құрттар, көбелектер, т.б.
Бұрыш – алқа туысына жататын біржылдық бақша өсімдігі. Оның түрі өте көп. Жапырақтары ұзынша келген немесе қысқа табақ тәріздес, жекелей немесе бір түпке жиналып орналасқан, түсі ақшыл жасылдан, қою қара жасыл түске дейін өзгереді. Гүлдері ірі, ақшыл немесе жасыл түсті, түбі сарғыш немесе күлгін болады. Жемісі тұқымды, ортасы бос, қызыл, сары, қызыл-сары, жасыл түсті, түріне қарай пішіні әр түрлі, салмағы 0,25-190 грамм тартады. Бұрыштың Отаны – Америка. Табиғи түрін Американың тропикалық аймақтарында кездестіруге болады. Жер шарының тропикалық және субтропикалық белдеулерінде өсіріледі. Бұрыш – жылусүйгіш өсімдік, оның қалыпты температурасы – 18-25 °C. Тыңайтылған топырақта ғана жақсы өседі. Бірқалыпты суғарып тұрған жөн.
Бұрыш(Сapsіcum) Жемісі — етжеңді, іші қуыс, көп тұқымды жидек, салмағы 50 — 200 г, түсі қызыл, сары, жасыл, қоңыржасыл, 2 — 4 ұялы болады. Тұқымы дөңгелек, ақсары түсті. Бұрыш дәмдік сапасына қарай ащы, тұщы және жұпарлы сорттарға бөлінеді. Жемісінің құрамындағы капсаицин алкалоиды оған ащы дәм береді.
Достарыңызбен бөлісу: |