Орамжапырақ түрлері.Мәні.Биологиясы.Ашық грунтта өсіру технологиясы
Бұларды кейде шаршыгүлділер тұқымдасы деп те атайды. Олар - шөптекті, кейде шала бұталы қосжарнақты өсімдіктер. Ғаламшарымызда орамжапырақгүлділер тұқымдасына жататын 3 000-ға жуық түрлер бар. Жапырақтары кезектесіп орналасады, бөбешік жапырақтары болмайды. Қосжынысты гүлі шаршы (крест) болып орналасатындықтан, орамжапырақгүлді өсімдіктер шаршыгүлділер тұқымдастары деп аталған. Гүлі шашақ гүлшоғырына жиналған. Тостағанша жапырақшасы 4, күлтесі 4-еу, аталығы 6-ау, оның 4-еуі ұзын, 2-еуі қысқа, аналығы 2 жеміс жапырақшасынан тұрады. Шірненің жиналуына бейімделіп, тостағанша жапырақшалардың түп жағы кейде қапшық тәрізді болады. Гүлдерінің түсі ақ, сары, қызғылт, ақшыл көк түсті болып келеді. Жемісі - бұршаққын немесе бұршаққынша. Орамжапырақгүлділер тұқымдасының көпшілігі халық шаруашылығында маңызды рөл атқарады. Орамжапырақ, шомыр, шалғам, тарна - көкөніс өсімдіктері. Қыша, ақжелкен - татымды; рапс, арыш - майлы; ақбасқурай - дәрілік өсімдіктер. Қышабас, жұмыршақ тәрізді арамшөптер де бар. Орамжапырақгүлділер (шаршыгүлділер) тұқымдасы гүлінің формуласы: жабайы шомырдікі - Т2+2К4А2+4Ж(2).
Достарыңызбен бөлісу: |