Кешенді емтиханға арналған сұРАҚтар топырақтану топырақ профилі, оның құрылысы және морфологиялық белгілері


Астық дақылдарының 1 және 2 топ классификациясы.Дәні және масағы бойынша ерекше белгілері



бет116/123
Дата08.06.2020
өлшемі208,94 Kb.
#72687
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   123
Байланысты:
гос жауаптаррр

Астық дақылдарының 1 және 2 топ классификациясы.Дәні және масағы бойынша ерекше белгілері.


Астық тұқымдас масақты дәнді дақылдар- бидай, қарабидай, күріш, қарақұмық, тары, сұлы, арпа, жүгері. Дәнді дақылдар өздерінің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктеріне қарай екі түрге бөлінеді, бірінші топтағы және екінші топтағы дәнді дақылдар.

Бірінші топқа бидайқарабидайарпа және сұлы жатады. Олардың негізгі ерекшеліктері - дәндерінің бауыр жағында тілігі болады, дән тамыршалары 3-8 дана, масақшаның төменгі гүлдері жақсы дамыған. Өсіп-дамуы үшін жылуды аз мөлшерде, ал ылғалды көбірек талап етеді, сабақтарының іші қуыс болып келеді. Олар ұзақ күннің өсімдіктері, сондықтан вегетациясының алғашқы кезеңінде тезірек дамып, арамшөптермен шамалы ластанады.


Бірінші топтағы дәнді дақылдардың екі түрі бар.

Күздік дәнді дақылдар[өңдеу]

Күздік дәнді дақылдар - күздік бидайқарабидайкүздік арпа.
Бұл дақылдардың биологиялық ерекшеліктері - алғашқы даму кезеңінде оларға 1 айдай 1-10°С-тай төмен температура қажет. Сондықтан оларды тұрақты суық түскенге дейін 55-60 күн қалғанда себу қажет. Күздік дәнді дақылдар жаздықтарға қарағанда өнімді артық береді. Оның себебі, олар күзгі және көктемдегі жауын-шашынды тиімді пайдаланады, күзде жақсы түптенеді, ал ерте көктемде тез өсіп-дамып, ерте піседі.
Күздік дәнді дақылдардың өнімділігі олардың қыстың қолайсыз жағдайынан жақсы шығуына тікелей байланысты. Себебі, күзде, қыста және көктемде күздік дәнді дақылдар әр түрлі қолайсыз жағдайларға ұшырайды (қатты суыққардың жұқа түсуіауа температурасының күрт өзгеруі және т.б.). Осы аталған қолайсыз жағдайларға төзімді болу үшін, күздік дәнді дақылдар шынығу сатысынан толық өтуі керек.

Жаздық дәнді дақылдар[өңдеу]

Жаздық дәнді дақылдар - жаздық бидайарпасұлыкүрішжүгеріқарақұмықтарықонақ жүгері.
Жаздық дәнді дақылдар өздерінің жылу сүйгіштігіне қарай екі топқа бөлінеді:


  • Ерте себілетін - жаздық бидайарпасұлы. Оларды ерте көктемде, топырақтың тұқым сіңірілетін тереңдігі 5-7°С-қа жылыған кезде себеді.

  • Кеш себілетіндер - күрішжүгерітары. Бұл дақылдарды топырақтың тұқым сіңірілетін тереңдігі 10-12°С-қа қызған кезден бастап себеді.

Екінші топтағы дәнді дақылдар

Екінші топтағы дәнді дақылдарға тарыжүгерікүрішқонақ жүгері жатады. Оларды дәндерінің бауыр жағында тілігі жоқ, масақшаның жоғарғы гүлдері жақсы дамыған. Бұлар бірінші топтың дақылдарына қарағанда жылуды көп, ал ылғалды, күріштен басқасы, аз талап етеді. Жүгері мен қонақ жүгерінің сабақтары өзекшемен толтырылған. Екінші топ дақылдары - қысқа күннің өсімдіктері және олардың күздік түрлері болмайды.

Астық дақылдары дәндерінің құрамы

Астық дақылдары дәндерінің құрамында суақуызмайкрахмалжасұнық және күл болады. Олар дәндерінің химиялық құрамы жағынан бір-бірінен ерекшеленеді. Мысалы, дәндегі ақуыз мөлшері қатты бидайда 13,8-20,0% болса, ал күріш дәнінде 6,7-7,6% ғана болады.


Астық дақылдарының дәндерінде майдың мөлшері 1,5-3,0%, ал көмірсутегі 67,8-80,9% шамасында болады.
Дәннің химиялық құрамы аймақтың топырақ-климат жағдайына, қолданылатын агротехникалық шараларға тікелей байланысты. Қазақстанның қуаң далалық аймағында өсірілетін жаздық бидай дәніндегі ақуыздың мөлшері басқа өңірлермен салыстырғанда біршама көбірек болады, сондықтан олар жақсы бағаланады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет