Бейімделу физиологиясы Орындаған: Тастанбеков Н. Топ: СТК-204 Қабылдаған: Тастемирова Б.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Жоспары Бейімделу физиологиясы Бейімделістің түрлері Бейімделіске қатысатын гормондар Әртүрлі жағдайларға бейімделіс Бейімделіс тетіктері Мақсаты - Физиологиялық бейімделіске анықтама;
- Бейімделіс кезеңдерін зерттеу;
- Бейімделіс гормондарын анықтау;
- Гипоксияға бейімделісті зерттеу.
Кіріспе Бейімделу физиологиясы – өмір сүру жағдайларына организімнің бейімделуі. «Организмнің тіршілігін қолдап тұратын қоршаған ортасыз өмір мүмкін емес» - И.М.Сеченов Бейімделіс Бейімделіс (адаптация) – сыртқы ортаның құбылмалы жағдайларына организмнің икемделуі. Ол жасушалық, ағзалық, жүйелік және организмдік деңгейлерде өтеді, сөйтіп туа болған немесе жүре болатын икемделу әрекетінің барлық түрін көрсетеді. Бейімделіс мерзімге қарай: Қысқа мерзімді бейімделісті икемделудің «авариялық сатысы» ретінде қарайды. Мұнда бейімделістің бастапқы кезінде, жүйке жүйесінің орталық бөлімдерінің әрекеттік күйі қатты өзгеріп, организмнің әсерленгіщтігін өсіруге мүмкіндік жасалады. Ұзақ мерзімді бейімделіс организмнің икемделу қабілеті, мінездік әсерленісі мен жалпы әрекетін жоғары сапада қамтамасыз етеді. Бұл оның гипоксияға, суықтыққа, тамақтың тапшылығына бұрын байқалмайтын төзімділігін тудырады. Бейімделіс әсерленістері Адамдарда төтенше түрткілер әсер еткенде екі түрлі әсерленіс байқалады: - Барабар – организмнің арнайы жауаптары арқылы төтенше түрткілердің әсерін әлсіретіп немесе жойып, оның қажетті іс – әрекетін сақтауға бағытталады. Мұндай жағдайда адам байымды, мақсатты мінез көрсетеді. Әсерленістің бұл түрінде талдағыштардың сезімьалдығы өзгереді, зейін шоғырланады, қысқа мерзімді және амалдауға фокус қойылады, іс – қимылдар дәйекті жоспармен атқарылады. Адамда қырағылық, қосымша сақтық пайда болады.
- Абыржу – талдағыштардың түйсіну табалдырығы көтеріледі, зейін шашырайды, зерденің көлемі азайып, адамның еңбектену қабілеті төмендейді. Абыржу әсерленісінің белсенді және селқос түрлері бар. Белсенді түрін үрей билеген адамның мінезінен байқауға болады. Бүл мінездік көрініс қисынсыз, орашолақ түсініксіз жағдайға байланысы жоқ қимылдардан тұрады. Ал абыржу әсерленісінің селқос түрінде керісінше, белсенді қимыл тыйылады. Адам дағдарып, еркінен айырылып, есінен танады. Бүкіл талдағыштардың сезімталдығы өте төмендейді.
Достарыңызбен бөлісу: |