Суықтыққа бейімделу
Суықтыққа бейімделудің алғашқы кезеңінде жарты жылға дейін физиологиялық көрсеткіштердің тұрақсыздығы байқалды.
Екінші кезеңде тұлғалыұ және тірліктік әдеттегі психоэмоциялық жүктемелерде қалыптастығы және лайықтығы орын алады.
Үшінші кезеңде (кейінгі 10-15 жыл) организмнің күйі тұрақталады.
Адам суық жерлерде немесе тоңазытұышта жұмыс істегенде, алғашқы кезде оның организмнің жылу өндіруі тиімсіз, орасан көп, ал жылу шығаруы әлі де жеткіліксіз болады. Кейін жылу өндіру мен жылу шығару теңестіріліп бейімделістің тиянақты кезі қалыптасады.
Ыстыққа бейімделу
Бұл ретте бейімделістің бастапқы кезі тыныстың, жүрек соғуының жиілеуінен басталады. Дене бетінің тамырларында, әсіресе қолдың саусақтарында, қан ағысы жеделдейді – 8лмин дерлік жетеді. Жылу стресінің мұндай әсерлері симпатикалық жүйкенің белсендірілуінен туады. Организмде қан мөлшері қайта бөлініп, ішкі ағзаларда ол азаяды да, сыртқы дене бетінің тамырларында қан ағымы жеделдейд. Жылудың әсерінен жуан жасушаларда, лейкоциттерде гепарин, гистамин көп бөлініп, вазодилятация (тамыр кеңею) күшейеді. Ол денеден тердің көп шығуына әкеп соғады, жылу шығымы ұлғаяды. Сонымен бірге жылу өндіру бәсеңдейді.
Гипоксияға бейімделіс
Гипоксия қанның тіндерге оттегін жеткізу қабілеті әлсірегенде, эритроцит, гемоглобин азайғанда, қанайналымы бұзылғанда немесе тынысалу жүйесінің қызметі нашарлағанда болады.
Организм гипоксия жағдайында өзінде бар оттегін тиімді пайдалануға икемделеді.
Қалыпты жағдайларда дене жүктемелері кезінде гипоксия мен гиперкапния бірге ұштасып отырады. Ал, қимылсыз жағдайда, оттегінің үлестік қысымы төмендегенде, мәселен, тауға көтерілгенде, гипоксия мен гиперкапния қатар байқалмайды. Мұндай жағдайларда газ алмасуы мен энергия шығынын теңестіретін барабар өтеміс әсерденістерді іске қосатын көмір қышқылы газының аздығы білініп тұрады. Осы себептен, тау ауруы деп аталатын дерттік ауытқулар пайда болады.