Кештің мақсаты



Дата02.07.2018
өлшемі17,63 Kb.
  • Құрманова Ханслу Жексенбетовна
  • Химия-биология пәнінің мұғалімі.
  • Мұнайлы ауданы.
  • №2орта мектебі.

Кештің мақсаты:

  • 1.Оқушылардың химия пәнінен алған білімдерін толықтырып, оны іс жүзіне шығармашылықпен қолдану дағдысын
  • меңгерту.
  • 2.Оқушылардың танымдық қабілеттерінің деңгейін байқау, көзқарастарын қалыптастыру.
  • 3.Химия пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.

Кештің жоспары:

  • Д.И.Менделеев пен М.Мақатаевтің
  • өмірбаяны туралы.
  • 1.Төсбелгі бойынша қарсылас топтың атын табу.
  • 2.Сәлемдесу, таныстыру.
  • 3.Химиялық тілде құттықтау.
  • 4.Формула жаза білесің бе? (Үндемес ойыны)
  • 5.Жанкүйерлермен ойын.
  • 6. Сұрақтарға жауап беру.
  • 8.Жұбыңды тап.
  • 9.Топтың өнері.
  • Қатысушылар 8,9,10 сынып оқушылары 6 адамнан үш топ құрды. Олар 8-сынып «Күміс», 9-сынып «Алтын», 11-сынып «Гауһар» тобы болып сайысқа түсті.

Төс белгі бойынша қарсылас топтың атын табу.

  • Атымызды жасырдық
  • Төс белгіге, қарсылас.
  • Айламызды асырдық
  • Бір-біріңмен ақылдас.
  • Әр топ өз тобының атын сөзжұмбақ немесе ребус түрінде жасырды.Қарсылас топ тапсырманы орындағанша Д.И.Менделеев пен Мұқағали Мақатаев туралы айтылады.

Кештің жүру барысы:

  • Жүргізуші: Қымбатты, оқушылар мен ұстаздар! Химияның кереметіне көз салып, құдіретін ұғыну үшін бүгін біз жоғарғы сыныптар арасында химиядан «ЖАРЫС» кешін өткізгелі отырмыз.
  • Ғали Ормановтың химия кереметтерін суреттейтін мына өлең жолдарымен кешті бастауға рұқсат етіңіздер.
  • Ғажайып нәрсе химия,
  • Тұңғиық сыры әр алуан.
  • Жоғалып бір зат зым-зия
  • Жаңалып бірі жаралған.
  • Өмірдің бірақ керегін,
  • Осылар тауып берер ме?
  • Табар ма ешкім дерегін,
  • Телмірмей, сірә, тереңге.

Жүргізуші:

  • Болсын дейміз жарысымыз жемісті,
  • Озып шықсын кім білімді, кім күшті.
  • Әділ қазы, ақ қазыға жүгінсек
  • Берер дейміз әділдікпен жеңісті.
  • (Әділ қазылар алқасы таныстырылды)

Әр топ сәлемдесіп өздерін таныстырып өтеді.

  • «Сәлем сөздің анасы»
  • Дейтін қазақ данасы.
  • Сәлемдесіп, танысып,
  • Кеш бастайық жарысып.

Химиялық тілде құттықтау

  • Жақсылық әр кез тілейік,
  • Химияны оқып білейік.
  • Осы тілде құттықтап
  • Аман-есен жүрейік.
  • Алтындай ардақты, күмістей салмақты, қарсыластар! Бүгінгі кеште өздеріңізді суда жүзген балықтай жақсы сезініңіздер.Көңілдеріңіз алюминийден жасалған ұшақтың ішіндей кең болсын, темірдей қатты, болаттай мықты денсаулық тілейміз.Көмірдей қара көздеріңізбен, алмаздай өткір сөздеріңізбен жан жадыратып, өмір ағысымен сынаптай сырғып жүре беріңіздер демекпіз.

4.Үндемес ойыны. «Формула жаза білесің бе?»

  • Білмейтінін білем деп олжа қуар
  • Кейбіреудің әр заттан болжамы бар
  • Химияны болжаммен ұға алмайсың
  • Формуланың оң жағы, сол жағы бар.
  • Интерактивті тақтадан оқушыларға оқу бағдарламасына сәйкес заттардың формулаларын жазу тапсырмасы берілді.

8-сыныпқа

  • 1.Дұрыс формуланы сәйкестендір
  • Сутегі - Ba
  • Оттегі - H
  • Барий - Al
  • Сынап - O
  • Темір - Ag
  • Мыс - Cr
  • Магний - Al
  • Күміс - Cu

1.Дұрыс жауаптары:

  • Сутегі - H
  • Оттегі - O
  • Барий - Ba
  • Сынап - Hg
  • Темір - Fe
  • Мыс - Cu
  • Магний - Mg
  • Күміс - Ag

2. Формулаларын жаз

  • Тұз қышқылы -
  • Күкірт қышқылы -
  • Кальций хлориді -
  • Натрий гидроксиді -
  • Калий оксиді -
  • Мыс (ІІ ) сульфаты –
  • Темір (ІІІ) гидроксиді -

2. Жауаптары:

  • Тұз қышқылы - HCl
  • Күкірт қышқылы - H2SO4
  • Кальций хлориді - CaCl2
  • Натрий гидроксиді - NaOH
  • Калий оксиді - K2O
  • Мыс (ІІ ) сульфаты – CuSO4
  • Темір (ІІІ) гидроксиді - Fe (OH)3

9-сыныпқа Формулаларын жаз

  • 1. Күкірт (ІV ) оксиді -
  • 2. Кальций оксиді -
  • 3. Магний гидроксиді -
  • 4. Азот қышқылы -
  • 5. Кальций силикаты -
  • 6. Натрий дигидро фосфаты -
  • 7. Магний гидрокарбонаты -

8. Аммиак -

  • 8. Аммиак -
  • 9. Фосфин -
  • 10. Метан -
  • 11. Силан -
  • 12. Силикагель –
  • 13. Аммоний сульфаты –
  • 14. Күкіртсутек -
  • 15. Патша арағы -

9-сыныпқа Жауаптары:

  • 1. Күкірт (ІV ) оксиді - SO2
  • 2. Кальций оксиді - CaO
  • 3. Магний гидроксиді - Mg(OH)2
  • 4. Азот қышқылы - HNO3
  • 5. Кальций силикаты - CaSiO3
  • 6. Натрий дигидро ортофосфаты - NaH2PO4
  • 7. Магний гидрокарбонаты - Ma(HCO3)2

8. Аммиак - NH3

  • 8. Аммиак - NH3
  • 9. Фосфин - PH3
  • 10. Метан - CH4
  • 11. Силан - SiH4
  • 12. Силикагель – SiO2
  • 13. Аммоний сульфаты – (NH4)2SO4
  • 14. Күкіртсутек - H2S
  • 15. Патша арағы - HCl +3HNO3

11- сыныпқа Формулаларын жаз.

  • 1. Ацетилен -
  • 2. Бензол -
  • 3. Этанол -
  • 4. Глицерин -
  • 5. Құмырсқа альдегиді -
  • 6. Сірке қышқылы -
  • 7. Глюкоза -

8. Сахароза -

  • 8. Сахароза -
  • 9. Анилин -
  • 10. Глицин -
  • 11. Аммоний фосфаты -
  • 12. Фосфор қышқылы -
  • 13. Натрий гидроксиді -
  • 14. Алюминий оксиді –
  • 15. Метан -

11- сыныпқа Жауаптары:

  • 1. Ацетилен - C2H2
  • 2. Бензол - C6H6
  • 3. Этанол - C2H5OH
  • 4. Глицерин - CH2OH-CHOH- CH2OH
  • 5. Құмырсқа альдегиді - H-C =O
  • H
  • 6. Сірке қышқылы - CH3COOH
  • 7. Глюкоза - C6H12O6

8. Сахароза - C12H22O11

  • 8. Сахароза - C12H22O11
  • 9. Анилин - C6H5-NH2
  • 10. Глицин - H-CH- COOH
  • NH2
  • 11. Аммоний фосфаты - ( NH4)3PO4
  • 12. Фосфор қышқылы - H3PO4
  • 13. Натрий гидроксиді - NaOH
  • 14. Алюминий оксиді – Al2O3
  • 15. Метан - CH4

5.Оқушылар формулаларды жазғанша жанкүйерлер өнері тамашаланды.

  • 5.Оқушылар формулаларды жазғанша жанкүйерлер өнері тамашаланды.
  • 6. «Білекті бірді жығар,
  • Білімді мыңды жығар» дегендей ендігі кезекті сұрақтарға берейік.

8-сынып «Күміс» тобына:

  • 1.Бірінші бөлігі көп емес, екінші бөлігі «тілсіз жау» деген мағынада, бірақ өзі химиялық элемент.Ол не?
  • 2.Химия нені зерттейді?
  • 3.Д.И.Менделеев қай жылы, қайда туылды?
  • 4.Химияның міндеті қандай?.
  • 5.Оксид деген не? Мысал айт.
  • 6.Бірінші бөлігі «Алда кел» деген бұйрық рай, екінші бөлігі сан есім, шипалы газ деп те есептеледі.
  • 7. «Бөлінбейтін» кішкентай бөлшек.
  • 8. «Арпа бидай ас екен .....» мақалды жалғастыр.
  • 9.Кең әлемді кернейді,
  • Көзің бірақ көрмейді.
  • 10.Жұмысты отты жігермен істеу керек деп лепірді «А» деген элемент. Бірақ ол біреудің отын үрлемесе, өзі еш уақытта жанып көрген емес. Ойлаңызшы бұл қай элемент?

9-сынып «Алтын» тобына

  • 1.Бірінші буыны жалқы есімге қойылатын сұрақ, екінші буыны сан есім, өзі химиялық элемент.
  • 2.Диссоция деген не?
  • 3.Реакцияның белгілері қандай?
  • 4.Тұздар деген не?
  • 5.Қышқылдар дегеніміз не?
  • 6.Бірінші бөлігі тасқын су, екінші бөлігі мал құлағына салынатын белгі,ал өзі химиялық элемент.Бұл қай элемент?
  • 7.Ең қиын балқитын металл?
  • 8. «Жылап жүріп құдық қазсаң......» мақалды жалғастыр.
  • 9.Қыздырып соқсаң иленеді,
  • Балға мен төстен именеді.
  • 10. «Б» деген элементтің мінезі тіпті өткір, салған жерден тіліп түседі.Осыншама өткірлік неге керек екен деп, шырт етіп, сынып кетті ондайды көтере алмайтын шыны.Ойлаңызшы мінезі өткір бұл қай элемент?

11-сынып «Гауһар» тобына.

  • 1.Өзі химиялық элемент, егер алғашқы әріпін алып тастасаңдар,шаруашылық заттар салатын ыдыстың аты шығады.Ойлаңызшы бұл қай элемент?
  • 2.Органикалық химия нені зерттейді?
  • 3.Периодтық заңды ұсынған ғалым, қай жылы?
  • 4. d деңгейшесінде қанша электрон болады?
  • 5.Валенттілік деген не?
  • 6.Өзі химиялық элемент, егер «ан» қосымшасын жалғасаң қыстың қаһарлы күндерін есіңе түсіреді.Бұл қай элемент?
  • 7.Электрхимиялық кернеу қатарын ашқан кім?
  • 8.Құрғақ жерде сақтайсың,
  • Онсыз тамақ татпайсың.
  • 9. «Аз сөз алтын.....» мақалды жалғастыр.
  • 10 «Е» деген элемент ширатылып қайта құйса адам түгіл, шайтанның да төбе шашы тік тұрады.Жұрт алдындағы беделі де мығым оның.Шаш ал десе бас алар
  • Бір де бір қайсар оған төтеп бере алмайды.Ойлаңызшы, бұл қай элемент?

8.Жұбыңды тап

  • Валенттілігін қарастырып,
  • Формуланы құрастырып,
  • Келші құрбым билейік
  • Білмей қалып жүрмейік.

9.Топ өнері.

  • Алақаныңды аяма, халқым,
  • Болды ғой бұлар өнерге жақын.
  • Бойына қуат, күш-жігер берсін
  • Оған да керек лебізің жарқын.
  • Рахмет!!!

Каталог: kopilka -> uploaded files
uploaded files -> Оқып үйренудің негізгі мақсаты Оқытуда қалыптасатын әдіс-тәсілдер
uploaded files -> Жүсіпбек Аймауытовтың «Әнші» әңгімесіндегі дара тұлға
uploaded files -> Тақырыптың туындау себептері
uploaded files -> Сабақ тақырыбы: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ерекше тұлғалық болмысы
uploaded files -> Ххі ғасыр көшбасшысы өткізген
uploaded files -> Жарық туралы дуализм Квант дегеніміз не? Абсолют қара дене Фотон
uploaded files -> Өмірбаяны 1858 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл
uploaded files -> Презентация №50 Абай атындағы орта мектеп
uploaded files -> Атақты жазушы Біздің жерлесіміз
uploaded files -> Сабақтың барысы: Сабақтың кезеңі Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу