Кәсіби аурулардың алдын алу



Дата20.04.2022
өлшемі15,14 Kb.
#140152
Байланысты:
кәсіби аурулардың алдын алу


Кәсіби аурулардың алдын алу
Кәсіби аурулар–зиянды еңбек шарттарының ықпал етуімен пайда болған ауру.
Жіті кәсіби ауру–зиянды кәсіби факторлардың бір мезетінің (бір ауысым бойында) ықпал етуінен пайда болған ауру.
Созылмалы кәсіби ауру–зиянды өндірістік факторлардың көп реттік немесе ұзақ уақыт бойы ықпал етуінен туындаған ауру.
Кәсіби улану–өндірістік шарттарда зиянды химиялық факторлармен туындаған жіті немесе созылмалы интоксикация.
Жіті кәсіби улану, бұл жұмыс істеушіге зиянды заттың бір реттік ықпал етуінен туындаған ауру. Жіті уланулар апаттар кезінде, технологиялық тәртіптің, техникалық қауіпсіздік және өнеркәсіптік санитария ережелерініңмаңызды бұзушылықтары кезінде, зиянды зат мөлшерінің концентрациясы он немесе жүр мәрте үлесінен асқан кезінде орын алуы мүмкін. Осының салдарынан пайда болған улану тез сауығумен, өліммен, немесе денсаулық жағдайында тұрақты бұзушылықтарды туғызуы мүмкін.
Созылмалы улану деп, зиянды заттардың аз концентрациясы немесе дозаларының жүйелі түрде ұзақ уақыт бойымен ықпал етуінен туындаған ауру болып табылады. Ағзаға бір рет енген дозалардың салдарынан улану белгілерін туындатпайтын дозалар болып табылады.
Кәсіби аурулардың ерекшелігі ретінде зиянды шарттар негізінде жұмыс істеуді бірнеше жылдар бойы тоқтатудан кейін туындаған немесе дамыған ауруларды санауға болады.
Ауру кәсіби деп өндірістің зиянды немесе қауіпті факторларының болуында танылады және мамандыққа, аурудың клиникалық белгілеріне, жұмыс шарттарына, қолайсыз еңбек шарттарында жұмыс істеу ұзақтығына байланысты.
Кәсіби аурулардың алдын алу кәсіпорындарда техникалық және санитариялық-гигиеналық шараларды өткізуде негізделеді. Жұмыскерлерге қысқартылған жұмыс күнін, ұзақ демалыс орнатады. Оларға тегін-емдік-сауықтыру тамақтану ұсынылады. Ауруларды төмендетуде зиянды өндірістік факторлар шарттарында жұмыс істейтін қызметкерлердің алдын алушы медициналық тексерілуі болып табылады. Медтексерістер жылына бір реттен кем өткізілуі тиіс. Жұмыс беруші 1 желтоқсаннан кешіктірмей, кейіннен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен келісе отырып, ауыр жұмыстар, зиянды (өте зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыстарды, сондай-ақ осы еңбек жағдайларындағы жұмыс өтілін көрсете отырып, адамдардың аты-жөні, жұмыс орны жазылған тізімді жасайды. Ол өз қаражаты есебінен мерзімдік медициналық тексеріп-қарау өткізуді ұйымдастырады. Медициналық тексерулерді тек қана лицензиясы бар емдеу-профилактикалық мекемелер жүргізе алады. Міндетті медициналық тексеріп-қарауларды (алдын ала және мерзімдік) зертханалық және функционалдық зерттеулердің толық көлемін жүзеге асыру үшін білікті мамандармен және материалдық-техникалық ресурстары бар медициналық ұйымдар жүргізеді.
Жұмыс берушілер үшін уақытылы кәсіптік ауруларды ерте анықтау және алдын алу өндірістік кәсіпте жұмысшылардың еңбегін қорғау және басқаруға бағытталған алдын алу шараларының бірі болып табылады және оны азайтуға көмектеседі.
Денсаулықты сақтау мен кәсіби ауруларды ескерту үшін қажет:
-ой және дене еңбегін дұрыс алмастыру;
-жұмыс кезінде шаршауды басатын қысқаша үзілістерді жасау;
-ұйқыға тәулігіне 8 сағаттан аз емес уақыт бөлу;
-рационалды тамақтану (адам ағзасын майлармен, ақуыздармен, көмірсутектермен, минералды тұздармен, дәрумендермен қамтамасыз етуі тиіс)
-жұмыс процессінде жұмыс істеу қарқынын ауыстыру қажет;
-тамақтанар алдында қолды сабындап жылы сумен жуу керек;
-жұмыс күнінен кейін душқа түсу керек;
-шылым шекпеу, спирттік, алкогольды ішімдіктерді және есірткіні қабылдамау.
Кәсіби аурулардың алдын алу факторларының бірі ретіндедене шынықтырумен айналысу болып табылады. Дұрыс ұйымдастырылған жұмыс күнінің, демалыс күнінің, дене жаттығуларымен және спортпен айналысу шаршауды, ағзаның түрлі ауруларға кері тұруының жоғарылауына маңызды ықпал етеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет