Кәсіби қазақ тілі оқу-әдістемелік құрал


Мәдениетті сөйлеудің негізгі сапасын көрсетіңіз



бет32/121
Дата01.09.2022
өлшемі2,26 Mb.
#148540
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   121
Байланысты:
проф упп Жакыбай

Мәдениетті сөйлеудің негізгі сапасын көрсетіңіз:


А. Өз сөзіңді мойындата білу.
Ә. Тыңдаушының ойынан шығу. Б. Тіл тазалығын сақтау.
В. Оқшау сөздерді қолданбау. Г. Оқшау сөздерді қолдану.


СОӨЖ


Сабақтың мақсаты: Өтілген материалдарды қайталау, жаттығу жұмыстары арқылы сөйлеу мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, дұрыс сөйлеу мен дұрыс жазуға үйрету.



  1. «Тәуекелшілдік – іскерлерге тән қасиет» атты пікірталас ұйымдастырыңыз.

  2. Мәтіндерді оқып шығып, тіл туралы қанатты сөздерді жазып алып, есте сақтаңыз

І. "Тіл — адам жанының тілмәші. Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ. Ұлтының ұлт болуы үшін бірінші шарт — тілі болуы. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмасқа тиісті. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмыс, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сары далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі — бәрі көрініп тұр. Қазақтың сары даласы кең. Тілі де бай. Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, оралымды, терең тіл жоқ. Түрік тілімен сөйлейміз деген түрік балалары күндерде бір күн айналып қазақ тіліне келмекші, қазақ тілін қолданбақшы. Күндерде бір күн түрік балаларының тілі біріксе, ол
біріккен тілдің негізі қазақ тілі болса, сөз жоқ, түрік тілінің келешек тарихында қазақ ұлты қадірлі орын алмақшы. Келешектің осылай болуына біздің иманымыз берік”. «Ұлт үшін тілінен қымбат еш нәрсе жоқ» деген Мағжан Жұмабаев.

Күнделікті өмірде қолданылып жүрген сөз ішіндегі «өгей» сөздерді айтыңыз.


Қазіргі кездегі мемлекеттік тілдің мәртебесі қандай дәрежеде деп ойлайсыз? Бөгде сөздердің сөз сапасына тигізер жағымсыз әсеріне мысал келтіріңіз.

СӨЖ


І. Мақалдарды жаттаңыз. Адам мінезі туралы пікірлесіңіз.

  1. Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені.

  2. Әдепті бала - арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала.

  3. Әдептің не екенін әдепсіз адамды көргенде ұғарсың.

  4. Аға әдепті болса,- іні әдепті. Апа әдепті болса, - сіңлі әдепті.

Күллі өнердің дұшпаны . талапсыздық жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі содан шығады . талапсыз . қайратсыз, қорқақ кісі - мақтаншақ келеді
Еріншектік күллі дүниедегі өнердің дұшпаны: талапсыздық, жігерсіздік,
ұятсыздық, кедейлік – бәрі содан шығады. Абай Ең зиянды адам мінезі тайғақ, екі сөйлейтін адам. Мейірім, ынсап, ақ пейіл,
адал еңбек – осы төртеуі кімнің бойында болса, сол шын адам болады. Кішіпейілділіктен кішіреймейсің. Кекірейген кердеңдерден қаш.
Ш. Құдайбердіұлы
ІІ. Мақал-мәтелдерді пайдаланып, «Әдептің басы – байқап сөйлеу» деген тақырыпта эссе жазыңыз.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   121




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет