Кәсіби қазақ тілі оқу-әдістемелік құрал


СӨЗДІҢ ҚИСЫНДЫЛЫҒЫ. КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗУ ӘДЕБІ



бет33/121
Дата01.09.2022
өлшемі2,26 Mb.
#148540
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   121
Байланысты:
проф упп Жакыбай
Ахметова М.К, attachment, attachment, TEST, Улул, Улул, Pdf, Pdf

СӨЗДІҢ ҚИСЫНДЫЛЫҒЫ. КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗУ ӘДЕБІ




Сабақтың мақсаты. Сөйлесім құрастыру арқылы келіссөз жүргізу әдебін меңгерту. Өз ойларын анық әрі мәдени жеткізе білуге дағдыландыру. Сөздік қорын молайтып, кәсіби қатысымдық құзыреттілігін дамыту.


Тірек сөздер: Келіссөз жүргізу, ресми тіл қисындылық, жабайы тіл, талап, әріптестік байланыс , келісімшарт, осалдық, баға, ішкі/сыртқы нарық, мүмкіндік, беделді өсіру, тапсырыс, атақ-бедел, шығын, жоспар, шешім, төлемақы, қабылдау, ескеру, бас тарту, ұсыну, келісімге отыру, серіктес.



  1. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.

Сөздің қисындылығы


Сөздің қисындылығы деп жеке сөздің, сөз тіркесінің грамматикалық тұлғалардың өз орнында қолданылуын айтады. Мәселен, ауызекі сөйлеуде ресми стильдегі сияқты стандарт тілмен қарым-қатынас жасау күлкі туғызар еді.
Айталық, студенттерге арналған лекцияны балабақшада оқу ыңғайсыз. Сол сияқты келіссөзде қарсы тарап түсінбейтін тілде, тым ғылыми тілде немесе тым жабайы тілде сөйлеу қисынсыз. Ол екі тараптың өзара келісімге келуіне кедергі
болады. Олай болса, сіздің кездесуіңіз құрдымға кетті дей беріңіз. Сол сияқты шетелдіктермен іскерлік кездесуде халықаралық іскерлік мәдениетін, ресми стиль мәдениетін білмесеңіз, ол сіздің ісіңізге бөгет болуы мүмкін. Сондай-ақ, бөтен ортада өзіңізді және өзіңіздің халқыңыздың данышпандығын көрсететін орынды айтылған ой мен сөз, сый-құрмет сізге сәттілік әкелуі мүмкін. Ол сіздің көпшілік алдындағы беделіңізді өсіреді, сіз арқылы халқыңыздың мерейі үстем болады. Әр істің қисынын келтіру сіздің қисынды айтылған сөзіңіз бен орындаған әрекетіңізге байланысты екенін ұмытпаңыз. Сөзді терең талғамменмен таңдап, мағынасын ақылмен салмақтап барып жұмсаңыз. Сөзге сақ болыңыз, сөз өшіреді де, өсіреді де. Сондай-ақ, іс қағаздарын толтыру кезінде көркем әдебиет тіліндегідей сөздің стилистикалық бояуын қолданудың еш қисыны болмайды. Сөздің стильдік қисындылығы көп жағдайда әңгіме мазмұнының кімге, қандай аудиторияға арналғанына тікелей байланысты болып келеді.



  • Сөздің қисындылығы дегеніміз не?

  • Жабайы тілде сөйлеу дегенді қалай түсінесіз?

  • Қарамен жазылған сөйлемдерді түсініп оқып, көшіріп жазыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   121




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет